Атырауда 5 жыл үзілістен кейін өзен портының жұмысы қайта жанданды

Атырауда 5 жыл үзілістен кейін өзен портының жұмысы қайта жанданды

Атырауда 5 жыл үзілістен кейін өзен портының жұмысы қайта жанданды
ашық дереккөзі
Атырауда бес жыл үзілістен кейін өзен порты жұмысын қайтадан бастады. Бұдан бес жыл бұрын Атырау өзен портының жұмысы тоқтаған еді. Оған басты себеп – Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмысының жүргізілмеуі, деп жазады ҚазАқпарат. «Бұл порт бұрынғы Гурьев қаласында 1926 жылы ашылған. Содан бері бір ғасырға жуық кемемен жүк тасымалданып келді. Ал 2010 жылы портқа реконструкция жүргізіліп, жыл сайынғы жүк қабылдау қуатын 15 мың тоннаға жеткізген едік. Алайда бес жыл бұрын жұмысымызды тоқтатуға мәжбүр болдық. Өйткені Жайық-Каспий каналымен жүк тасымалдау мүмкін болмады. Канал жолы бітеліп, тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет болды», - дейді Атырау өзен портының директоры Азамат Зұлхарнаев. Оның айтуынша, портқа су жолымен соңғы рет 2015 жылы жүк келген. Сол кезде шетелдік мұнай және осы саладағы сервистік компанияларының тапсырысымен жеткізілген жүк қабылданған. Содан кейін Атырауға су жолымен келетін жүктер Маңғыстаудағы Баутин портына жеткізілген. Енді міне, Атырау өзен портына бес жылдан кейін ірі габаритті жүк жеткізілді. Бұл – газ-химия кешені үшін Оңтүстік Кореяда құрастырылған пропан сақтайтын резервуарлар. «Біз газ-химия кешенінің құрылысына қажетті резервуарларды қабылдап алдық. Оның салмағы –532 тонна. Ірі габаритті жүкті екі баржамен жеткізді. Жақында тағы осындай үш баржамен келетін ауыр жүкті күтіп отырмыз», – дейді өзен портының қызметкері Руслан Асанов. Өзен портының директоры Азамат Зұлхарнаевтың айтуынша, енді мұнда алыс және жақын шетелдерден тауардың кез келген түрі тиелген су көліктерін қабылдауға толық мүмкіндік бар.