Лондонның қоғамдық көлік жүйесін жандандыруға 2 млрд доллар бөлінеді

Лондонның қоғамдық көлік жүйесін жандандыруға 2 млрд доллар бөлінеді

Лондонның қоғамдық көлік жүйесін жандандыруға 2 млрд доллар бөлінеді
ашық дереккөзі
Ұлыбритания үкіметі Лондонның қоғамдық көлік жүйесін қолдауға 1,6 млрд фунт (1,95 млрд доллар) бөледі. Бұл қаржы қаладағы Transport for London (TfL) көлік операторына беріледі, деп хабарлайды BBC. Ел билігі бөлінген қаражат пандемия салдарынан дағдарысқа ұшыраған жергілікті кәсіпорынның жағдайын қалпына келтіреді деген үмітте. Үкімет Лондонның метро жүйесі жұмысты толық көлемде жаңғыртуы тиіс деген талап қойып отыр. Карантинге байланысты шаһарда ондаған станция жабылып, пойыздардың қозғалыс аралығы айтарлықтай ұзарған болатын. Көлік министрі Грант Шэппстің айтуынша, жүргізілетін жаңғырту жұмыстарынан кейін қалалық қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттауы ықтимал. Айта кетейік, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны  271 мыңнан асты. Соңғы тәулікте 2 мыңнан астам адамнан індет анықталды. Пандемия басталғалы елде қатерлі вирустан 38 мыңнан астам адам көз жұмды.