Пандемия салдарынан Италия туризмі табысының 80 пайызынан қағылмақ

Пандемия салдарынан Италия туризмі табысының 80 пайызынан қағылмақ

Пандемия салдарынан Италия туризмі табысының 80 пайызынан қағылмақ
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы салдарынан Италияда бір миллионға жуық жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Ел өнеркәсібінің жалпыға бірдей конфедерациясының басшысы осындай болжам айтты.   Елде туризмнің де жағдайы алаңдатарлық. Мамандар бұл саладағы табыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 80 пайызға азаятынын болжап отыр. Туристік сектордың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 15 пайыз шамасында. Бұл сала елде 4 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Ел билігі 3 маусымнан бастап италиялықтарға ел ішінде саяхаттауға рұқсат берді. Алайда 2020 жылдың соңына дейін мемлекет шетелдік туристерге шекарасын ашпайды. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі коронавирус індетінің салдарынан Қазақстан туризмі биыл табысының 70-80 пайызын жоғалуы мүмкін екенін болжаған.