«Eр Жәнібек кубогы» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

«Eр Жәнібек кубогы» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

«Eр Жәнібек кубогы» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтеді
ашық дереккөзі
21-22 мамыр күндері Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универистетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Зуқа батыр Cәбитұлының 150 жылдығына  aрналған «Eр Жәнібек кубогы» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтеді.    Зуқа батыр Cәбитұлы (1866-1929)  – ХХ ғасырдың басында Шынжаңдағы қазақтардың байырғы қонысы Алтай аймағына Қытай билігі тағайындаған (қосымша қорғаныс елшісі) аймақтық әкімшіліктің озбыр басшыларына, халықты қанаған ұлықтардың зорлық-зомбылықтарына қарсы шығып, Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерлісін бастаған алғашқы батырлардың бірі. 1929 жылы күрескер Зуақа батырды қытайдың жазалаушы әскерлері қапыда ұстап, қастандықпен өлтіреді. Бірақ, Зуқа батыр есімі, ол бастаған ұлт-азаттық көтерлісінің рухы бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақтарының мақтанышына айналып отыр. Шағын футболдан өтетін халықаралық турнирдің мақсаты –  Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту, қазақ жастарын рухты болуға, Отан сүйгіштікке, спортқа баулу. Футбол жарысына Франция, Түркия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде тұратын қазақ жастарынан құралған командалар, сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, еліміздің 5 облысынан жасақталған футбол командалары бақ сынайды. Турнирде жалпы саны 24 команда қатыспақ. Ұйымдастырушы: «Eр Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қолдаушылары: Алматы қаласының әкімдігі, Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ универистеті. Өтетін орыны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ универистетінің спорт кешені. Турнирдің ашылу салтанаты: 21 мамыр сағат 10: 00 де. Турнирдің қорытынды марапатту салтанаты: 22 мамыр 17:00 де.

Байланыс: + 7701 111 33 26 Мұхаметхан Омаров

                  + 7 707 533 48 88 Талапбек Тынысбек