Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі

Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі

Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі
ашық дереккөзі
Елімізде білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу, мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мәселесі үнемі басты назарда.  Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру мекемелерінің бірі  – Алматы облысы Сарқан ауданындағы мектепке 10 миллион теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен мектеп ішіне дәретханалар орнатып, ауладағы дәретханаларды алып тастау көзделіп отыр. 
 width=
Ал Д.Рақышов атындағы мектеп-интернатты жөндеу жұмыстарына 35 млн теңге бөлінді. Талдықорған қаласындағы білім мекемесінің оқу корпусы мен жатақханасының есік-терезесі түгелдей ауыстырылып,  төсек-орын жабдықтары толық жаңартылмақ. 
 width=
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін инклюзивті мектеп те күрделі жөндеуден өткізілмек. Мекеменің есік-терезелері, едендері, су құбырлары толық ауыстырылады. Сондай-ақ, спорттық алаң құрылысы жоспарланған. 
 width=
11 мамырда жөндеу жұмыстары басталып кетті.  Жаңарған ғимарат қыркүйек айында пайдалануға беріледі.