Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі
Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі
Елімізде білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу, мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мәселесі үнемі басты назарда.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру мекемелерінің бірі – Алматы облысы Сарқан ауданындағы мектепке 10 миллион теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен мектеп ішіне дәретханалар орнатып, ауладағы дәретханаларды алып тастау көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін инклюзивті мектеп те күрделі жөндеуден өткізілмек. Мекеменің есік-терезелері, едендері, су құбырлары толық ауыстырылады. Сондай-ақ, спорттық алаң құрылысы жоспарланған.