Мүгедектігін дәлелдей алмай жүр

Сондай-ақ!

«150 адамға рұқсат еттік» Бекшин өзі рұқсат берген банкет жайлы айтып берді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғам талқысына түсіп жатқан 150 адамдық банкет жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты. "Олар қазір ұзақ уақыт үзілістен...

«Өзін балағаттаған ұлынан анасы кешірім сұрады» Ұлы ақыры түрмеге түсті

Сотта жалған куәлік еткені үшін шартты түрде сотталып, Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынған 38 жастағы қала тұрғыны анасына балағат сөз айтқаны үшін түрмеге...

«Бұл қай дәу?». Sulpak-тың қожайыны Сұлтанғазин жайлы не білеміз?

23 қарашада Алматыдағы Sulpak сауда үйінің жанында жайқалып тұрған 9 емен мен 4 қарағаш бір түнде кесілген болатын. «Қызыл кітапқа» енген ағаштардың заңсыз кесілуі...

Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті

Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы онлайн режимде өтті Комиссияны Қазақстан жақтан Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов,  Моңғолия жақтан Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі...

Бақытгүл Ғибадатқызы – үш қыз асырап отырған жалғызбасты ана. 1992 жылы Моңғолиядан көшіп келген. Қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында туысқандарының шатырында тұрып жатыр. Қандасымыздың қазіргі жағдайы ауыр. Пәтерден-пәтерге көшіп жүріп жұқпалы дертке шалдыққан. Қос өкпесін қолына ұстаған Бақытгүлді аурумен қатар, әлеуметтік тұрмыс-тіршілік те сарсаңға салып отыр.

– Қадірлі отандастар және құзырлы орындағы басшылар, амалсыздан сіздерден көмек сұрап отырмын. Мен қазіргі уақытта туберкулез ауруы бойынша тізімде тұрмын. Екі жылдай уақыт болды. Аллаға шүкір, қазір тәуірмін. Кезінде өте ауыр халде ауруханаға түстім. 8 ай ауруханада жатып, емделіп шық­тым. Жұмысқа жарамсыз деп таныды. Дәрі­герім мүгедектікті рәсімдейтін құжаттар жинат­ты.

Жамбыл ауданындағы мемлекеттік әлеу­меттік сараптамаға (МӘС-ке) барып едім, мүгедектікті растайтын анықтаманы бермеді. Сонымен бір жылда МӘС-ке төрт рет бардым. Олар ондай анықтаманы маған беруден үзілді-кесілді бас тартты. Небір сылтауларын айтып, шығарып салады. Рентген қағазын көрді, өкпенің қандай жағдайда екенін біліп отыр. Операция жасауға да келмейді. Алайда МӘС қызметкерлері операция жасалған жағ­дайда ғана мүгедектік тағайындалады дейді. Бұл не сұмдық? Онсыз да екі өкпем бір­дей фиброз бола тұра маған мүгедектік неге беріл­мейтінін түсінбедім, – дейді Бақыт­гүл бар­­маған жер, қақпаған есігі қалмағанын айтып.

Атап айтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департа­ментіне, аудандық Nur Otan партия бөліміне хат жазған көрінеді. Құзырлы орындардан келген жауапта, бұл істі жергілікті МӘС шешеді депті. Ал Жамбыл ауданының МӘС қызметкерлері (сол кездегі комиссия мүшелері Зәуреш Ұланқызы және Ербол Төлепбергенұлы) қанша барып, арызданса да, оған ондай анықтама бермейтінін айтқан.

– Соңғы айтқандары, егер қол-аяғың аузыңа жетпей, тамақ іше алмай, жағдайың қиындаса ғана мүгедектікті растайын анық­таманы береміз дейді. Тіптен МӘС-тің шеші­мі­не мені емдеп жүрген дәрігерім де аң-таң. Туберкулез деген жұқпалы ауру. Жұмыс іс­тей­­мін деп басқаларға жұқтырып алмай­мын ба деп те алаңдаймын.

Қазіргі уақытта демалу процесін 50 пайыз ғана істейді. Үйдегі майда-шүйде жұмысты істегенге екі өкпем аузыма тығылып, ауа жетпей қалады. Осыдан кейін мені кім жұмысқа алады?  Ешкімге қол жаймай-ақ, сол мүгедектікті алмай-ақ өмір сүрермін деп жүр едім. Ол үмітім де су сепкендей басылды. Өйткені мен бір-екі апта бұрын қатты демікпе болып ауырып, терапевтке бардым. Сөйтсем дәрігерім сосылмалы ауру бойынша тізімге аламыз дейді. Бір өкпе істемегеннен, екінші өкпеге күш түсіп, демігу пайда болады екен. Бірінен құтылсам, екінші дерт меңдеп алды. Дұрыстап демала да алмаймын, ешкімге дұрыстап түсіндіріп де айта алмаймын, өйт­кені туберкулез ауруымен ауыратындарға қо­ғам­ның көзқарасы белгілі. Өз туған-туы­сың да шеттетеді. Бұл да маған ауыр тиіп отыр.

Сөз соңында сіздерден сұрарым мүгедек­тікті әділ, заңды жолмен алуыма көмектес­сеңіздер, – дейді Бақытгүл Қибадатқызы.

Әрине, жап-жас адамға мүгедек болып үйде отыру да оңай емес. Бірақ Бақытгүлге бұдан өзге оңтайлы жолы болмай отыр.

Мұндай жұқпалы дертке ұшыраған адам­дардың құқығын кім қорғайды?

Өйткені Бақытгүлдің айтуына қарағанда, қазір оларға ешкім пәтерін жалға бермейді. Жалға берген жағдайда шығарып жібереді. Себебі белгілі.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...