Шетелдегі қандастарға білім грантын көбейтуді ұсынды

Сондай-ақ!

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады. Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген. Ол Қазақстан Республикасының азаматы бола...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы қаласы - 74 Шымкент қаласы - 4 Ақмола облысы - 76 Ақтөбе облысы - 5 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. Әлеуметтік желіде атақты...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды.

– Бізге қандастар үшін бөлінетін грант­тардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық жоғары оқу орын­дарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндік­те­рі де арта түседі, –  деді Асылбек Қожахметов Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесі­нің кезекті оты­рысында.

Сонымен қатар «Білім және ғылым министр­лігінің ЖОО-ларды автономияландыру бағытындағы жұмысын қолдайтынын жеткізді. «ЖОО-ларға автономиялық мәрте­бе беру – олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Оларға барлық құзырет берілуі керек», – деді кеңес мүшесі.

Бұл мәселе туралы 30 сәуір күні газеті­міздің №17 санында «Қандастарға арналған білім гранты шетел қазағын атажұртқа тартудың ең негізгі тетігі» деген тақырыпта мақала жазылған болатын. Аталған мақа­лада шетелден келген қазақ жастары­ның грантпен оқуға түсуінің пайдасы – көші-қонды жандандырудың бірден-бір жолы екені және қандастардың білім алуына тиімді тетік екені баса айтылған еді.

Президенті жанындағы Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек әріптесі Асылбек Қожахметовтің шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлу ұсынысына қолдау білдірді. Ол қандастар көшінің екінші толқыны басталуға жақын екенін айтады.

– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгін­гі үшінші отырысын қоғам өміріне тың бетбұрыс әкелетін тарихи оқиға деп айтуға болады. Пандемия бүкіл жер шарындағы мемлекеттердің бәрін басқаша стандарттармен өмір сүруге мәжбүр етті. Соның ішінде Қазақстан да бар. Осы пандемия барысында Президент денсаулық сақтау, білім, ғылым, ауыл шаруашылығы саласындағы кем­шіліктердің бәрін айтып өтті. Сондық­тан біз өзімізді-өзіміз асырау деген қағидат­ты бірінші орынға қоюға тиіспіз. Ол үшін ғылым мен білім, денсаулық сақтау саласын кемелдендіру керек. Осыған байланысты Ұлттық кеңестің мүшелері бүгін өз тарапынан өте құнды ұсыныстарды ортаға салды.

Бірақ бұл квота да аздық етеді. Себебі Қазақ көшінің екінші үлкен толқыны басталайтын деп тұр. Қазақстанда оларды құжат­тан­дыратын заңдық негіз дайын деп айтуға болады. Әйтсе де, толықтырар тұстар да баршылық. Мәселен қандастарды баспанамен, жермен қамту жағы секілді мәселе­лерді нақтылай түсу керек.

Қазақстандағы демографиялық тоқырау соған мәжбүрлеп отыр. Ол күн де алыс емес. Ертең бе, бүрсігүні ме ол көштің үлкен толқыны басталады. Соған дайын болуымыз, ең алдымен, келген жастарды оқытып, білім беруіміз керек. Сондықтан менің ойымша, 4 пайыз грант аздық етеді. Мен оны кемінде 10 пайызға көбейтуді ұсынар едім. Олар Қазақ­станға қазір қажетті ауыл шаруашылы­ғы саласына керек мамандық­тарды үйренуі тиіс, – деді Ауыт Мұқибек.

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елбасы және Түркі әлемі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...