Жаңалықтар

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін қатынайды – министрлік

ашық дереккөзі

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін қатынайды – министрлік

Бұдан былай 14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін ұша алады. Бұл туралы ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков мәлімдеді.  «Ата-аналарымен бірге ел ішінде саяхаттайтын 14 жасқа дейінгі және 14 жасқа толған балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл ретте ата-аналардың біреуі тек 2 баланы ғана тегін алып жүре алады. Шетелдік балаларға мұндай жеңілдік жүрмейді. Бұл тек қазақстандықтарға ғана қатысты», - деді  Дастан Рысбеков. Айта кетейік, бұған дейін Туризм индустриясы комитетінің төрағасы еліміздегі ұлттық табиғи парктерде туризмді дамыту жоспарын таныстырды. Сондай-ақ, Дастан Рысбеков пандемия салдарынан биыл отандық туризм табысының 70-80 пайызын жоғалтатынын мәлімдеген.