Қалалар арасындағы блокбекеттер қашан алынатыны белгілі болды
Қалалар арасындағы блокбекеттер қашан алынатыны белгілі болды
ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов еліміздің қалалары арасындағы блокпосттар қашан алынатынын айтты.
«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпосттарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», - деді Ж. Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, автобуспен жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын ескере отырып әзірленді.
Осы орайда бағдардың соңғы пунктерінде автобустарды дезинфекциялау, көлік салонына тек медициналық маскада отырғызу, сондай-ақ басқа да қауіпсіздік талаптары ескерілген.