Ардагерлерге құрмет – ерлікке тағзым

Алматы қаласының №176 мектеп-гимназиясының ұжымы мен оқушылары Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ерен ерліктеріне тағзым білдіру мақсатында мектеп-гимназия қабырғасында «Ардагерлерге құрмет – ерлікке тағзым!» деген атпен бастауыш сыныптары арасында мерекелік шара өткізді.

Аталмыш шараға ауданның Ұлы Отан соғысы ардагерлері денсаулықтарына байланысты келе алмады. Дегенмен, соғыс көрген, отан үшін отқа түскен ардагерлерге мектеп оқушылары тарапынан мерекелік құттықтаулар мен сыйлықтар жеткізілді.

«Ардагерлерге құрмет – ерлікке тағзым!» мерекелік концертіне сұрапыл соғыстың ұшқынын көрген, ел тыныштығы үшін күрескен Ауған соғысы ардагерлері Алтауов Әбдіқаһар Әбсаттарұлы, Қарабеков Дәулет Сәбитұлы, Майтбасов Арғынбек Төлетайұлы қатысты.

Мерекелік концертте оқушылар соғыс жылдарына арналған әндер мен өлеңдер оқып, сонау сұрапыл жылдарды еске алды. Сондай-ақ концерт барысында жеңіс туы желбіреген атаулы күнді паш ететін әндер орындалды. 2 «Ә» сыныбының қыздары «Катюша» биін билеп ардагерлер көңілінен шықты.

Сөз алған Ауған соғысы ардагерлері мектеп ұжымы мен оқушыларға шексіз алғыстарын білдірді. Аталмыш шарының маңыздылығы өскелең ұрпаққа ҰОС туралы ақпарат беріп қана қоймай, сол соғыста жеңіс әкеліп берген ардагерлерге құрмет көрсетуді дәріптеуде. Оқушылардың партиоттық сезімдерін қалыптасытырып, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

image-16-05-16-01-48-1 image-16-05-16-01-48-4 image-16-05-16-01-48-6 image-16-05-16-01-48-10 image-16-05-16-01-48-17 image-16-05-16-01-49

 

 

Back to top button