Жаңалықтар

Қостанай облысында зират ішінен шақалақтың денесі табылды

ашық дереккөзі

Қостанай облысында зират ішінен шақалақтың денесі табылды

Жітіқара ауданында зират ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, деректі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған. Нәресте көз жұмған, дене жарақаттары табылмады. «Бұл дерек бойынша аудандық полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастады. Қызметкерлер сәбидің анасы мен куәгерлерін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Тергеу барысында сараптама тағайындалды», - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь агенттік тілшісіне. Қазір қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.