Жаңалықтар

Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында төрт адам қайтыс болды

ашық дереккөзі

Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында төрт адам қайтыс болды

Бүгін Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында химиялық қоспаның буына күйген төрт адам қайтыс болып, тағы екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық полиция департаментің баспасөз қызметі хабарлады.  Қайғылы жағдай " АҚ №4 цехындағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде​ ​ болған. "Аталған факті бойынша облыстық ПД Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлімі (Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде" , - деп хабардар етті облыстық полиция дептарментінің баспасөз қызметінен. Дәрігерлердің ауруханаға жеткізілген екі жұмысшының жансақтау бөлімінде жатқанын мәлім етті. 36 және 32 жастағы екі жұмысшының денесін 30-60 пайызға дейін күйік шалған.