Кеңесбай Мұсаев дүниеден өтті

Кеңесбай Мұсаев дүниеден өтті

Кеңесбай Мұсаев дүниеден өтті
ашық дереккөзі
Танымал түрколог, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Кеңесбай Мұсаев 89 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды  «Egemen Qazaqstan» газеті. Кеңесбай Мұсаев Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында туған. Мәскеуде жарты ғасырға жуық жемісті еңбек етіп, 320-дан астам ғылыми еңбек жариялады. Оның ішінде түркология мәселелеріне арналған 14 кітаптың авторы, «Парасат» орденінің иегері. 2004 жылы Ресей Федерациясының ғылымға еңбегі сіңген қайраткері атағы берілген. Сонымен қатар ол «Түрік тілі» қоғамының құрметті мүшесі және Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының құрметті төрағасы. Ғалым биыл 24 наурызда 89 жасқа келген еді. Ол негізінен қыпшақ тобындағы тілдердің лексикасын салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеді. «Қарайым тілінің грамматикасы» (1964), «Лексика тюркских языков» (1975), «Лексикология тюркских языков» (1984), «Развитие терминологии на языках союзных республик СССР» (1986-1987) атты екі томдық еңбектің жауапты редакторы болды әрі қазақ терминологиясы бөлімін жазды. Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ретінде де тілге қызмет етті. Түркітанушылар, тілші ғалымдар оның еңбектерімен жақсы таныс. Кеңесбай Мұсаев мықты лексиколог, белгілі түркітанушы ғалым, қазақ лингвистерінің Ресейдегі белгілі өкілі еді.