Пандемия салдары: Қазақстандық туризм табысының 80 пайызын жоғалтуы мүмкін
Пандемия салдары: Қазақстандық туризм табысының 80 пайызын жоғалтуы мүмкін
Коронавирус індетінің салдарынан Қазақстан туризмі биыл табысының 70-80 пайызынан жоғалтпақ.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбековтің айтуынша, 2019 жылғы туризм саласы қызметтерінің экспорт көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраған.
«Пандемияның отандық туризмге кері әсері өте зор болатындығын атап өту керек. Біздің есептеулерімізге сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты биыл көшпелі туризм саласындағы шығын 70-80 пайызға жуықтайды», - деді Дастан Рысбеков.
Айта кетейік, бұған дейін Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Ұлттық табиғи парктерде туризмді дамыту үшін инвесторлар іздестіріліп жатқанын мәлімдеген.
Оның сөзінше, «Алтын Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерін дамыту бойынша жоспар әзірленген. Инвесторлар табылса, туризмді түлету жұмыстары басталмақ.