Жаңалықтар

Отандық банк кәсіпкерлерге көбірек қаражат табу жолын көрсетті

ашық дереккөзі

Отандық банк кәсіпкерлерге көбірек қаражат табу жолын көрсетті

Forte Digital Week соңғы күні бизнес туралы және кәсіпкерлерге Forte-мен қалай көбірек қаражат табуға көмектесуге болатындығы туралы айтылды. Компания үшін банкті таңдау әрқашан сенімділік тудыратыны рас. Кәсіпкерлер бұл процесте барлық банктердегі қызметтерді салыстыра отырып, таңдауды мұқият қарастырады. Бұл орайда шоттар қаншалықты тез ашылады, аударымдар мен ақша алу үшін комиссиялары қандай, интернет-банкингті пайдалану ыңғайлы ма, бөлімде жақсы қызмет көрсетіле ме, төлемдерді шетел валютасымен қабылдауға бола ма деген сынды сауалдарды сарапқа салады. «Бар-жоғы бес жыл бұрын Forte активтері бойынша отыз банктің қатарына кіретін болса да, ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуге шешім қабылдауы мүмкін емес сияқты көрінетін. Алайда, біз бұны жүзеге асыру үшін бәрін жасадық. Бүгінгі таңда біз еліміздегі үшінші ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс істейміз. Өткен жылы бизнес-шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингті іске қостық. Енді оның клиенттерімізге ұнайтынына көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде бұл жүйеге 16 000 кәсіпкер жүгінді», - деді жобалық кеңсенің жетекшісі Елдос Кирбасов. Осы жылдан бастап кәсіпкерлер филиалға бармай-ақ өздерінің шотын ашуға өтініш бере алады. Жаңартылған интернет-банкинг арқылы тұтынушы өз шотындағы валютаны қазынадан жеке бағам бойынша айырбастай алады. Осының бәрін пайдалану кәсіпкерлерге тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тарифтік топтамаларын ұсынады. Олар барлық тиімді қызметтерді қамтиды: карта, шот, эквайринг, аударымдар және басқалар. «Өткен жылы шығарылған және кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырған тағы бір ыңғайлы өнім – ForteKassa. Бұл сіздің сауда нүктелеріңізді автоматтандырады, сонымен қатар кассалық операцияларды, жұмысшыларды, қойманы бақылауға, кірістерді көруге және жеке кабинеттегі аналитиканы тексеруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы, яғни кассалық аппарат, чекті басып шығарғыш және POS-терминал бір құрылғыға біріктірілген. Сатушылар үшін ең оңтайлы қызмет», - деді Елдос. Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында өте танымал болды және биыл оған аралас төлем, кассалық аймақтағы жеңілдіктер және мобильді қосымшадан тауарларды қабылдау сынды жаңа функциялар қосылды.