Әскерге шақырылғандар 2 апта карантинде болады
Әскерге шақырылғандар 2 апта карантинде болады
Әскер қатарына қабылданғандар 14 күн карантинде болып, ПТР тест тапсырады. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді.
Департамент басшысы ант қабылдау рәсімі барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілетінін айтты. Десе де, шараға әскерге шақырушылардың ата-аналары мен туыстары шақырылмайды.
«Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, қауіп әлі бар. Сондықтан әскерге шақырушылардың ата-аналары, туған –туыстары мен достары ант қабылдау рәсміне қатыспайды.Пандемия кезінде бұл мүмкін емес. Балаларыңыз салтанатты жиынды видеоға түсіріп сіздерге жібере алады»,–деді Амантай Өсербаев.
Оның айтуынша, әскерге шақырылған әрбір азаматтың денсаулығы қатаң бақылауда болады.
«Коронавиурс жұқтырғандарды жібермеу үшін әскерге шақырылғандар арасында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады»,-деді А. Өсербаев.