Жаңалықтар

COVID-19: Ұлыбританияда науқастарды тестілеу және қадағалау бағдарламасы іске қосылды

ашық дереккөзі

COVID-19: Ұлыбританияда науқастарды тестілеу және қадағалау бағдарламасы іске қосылды

Ұлыбританияда COVID-19 індетін жұқтырғандарды тестілеу және қадағалау бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдырылған 25 мың қызметкері коронавирус диагнозы  расталған науқаспен қарым-қатынаста болғандарға бақылау жүргізеді. Олар індетке шалдыққандармен  15 минуттан артық байланыста болғандарға қоңырау соғып, ауру белгілері байқалмаса да, 14 күнге оқшаулану қажеттігін ескертпек. Бастапқыда бұл шара ерікті түрде жүргізіледі. Алайда тұрғындар талапты орындамайтын болса, ел билігі қатаң шараларға көшпек. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкоктың айтуынша, бүгінде мемлекет күніне 161 000 тест жүргізуге қауқарлы. Соңғы дерек бойынша, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 267 мыңнан асты. Індеттен 37 460 науқас көз жұмған. Айта кетейік, Қазақстанда қатерлі вирус 9576 адамнан анықталды. 4768 адам емделіп шықты. 37 науқас көз жұмды.