Жаңалықтар

Nur Otan: Алматыда 200-ден астам нысанда партиялық бақылау бекеттері құрылады

ашық дереккөзі

Nur Otan: Алматыда 200-ден астам нысанда партиялық бақылау бекеттері құрылады

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Үкіметтің бастамасымен ел экономикасындағы постпандемиялық процесстерді ескере отырып дағдарысқа қарсы шаралар өткізуде. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б.Сағынтаев мердігерлік ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық тауарлармен қамтамасыз етілуін бақылау жөнінде тапсырма берді. Партияның қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында дағдарысқа қарсы өткізілетін шараларды қатаң бақылауға алды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын нысандар Алматы қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы мүшелеріне бекітілген. 200-ден астам нысанда партиялық бақылау бекеттері құрылатын болады. Бұл туралы партияның Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының онлайн-режимінде өткен кезекті отырысында қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров мәлімдеді. Бақылау барысында дағдарысқа қарсы шаралардың жекелеген талаптарын сақтамау фактілері анықталды. Оларды түзету жұмыстары жүргізілуде. Партиялық бақылау комиссиясы аталған мәселелерді бақылауда ұстап отыр.