Жаңалықтар

Көлікті мас күйде жүргізген атыраулық 1,5 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Көлікті мас күйде жүргізген атыраулық 1,5 жылға сотталды

Атырауда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші 1,5 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.  Құқық бұзушы бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен айыпталған азамат бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан, биылғы 15 наурызда алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде автокөлікті басқарған. Айыпталушы осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда, ол түзелу жолына түспеген және тиісті қорытынды жасамаған. Мұның бәрі сот барысында ескерілді», - деп хабарлады облыстық соттан. Сот үкімімен айыпталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленді.