Елімізде білім гранттарының құны 1 млн теңгеге дейін көбейеді

Елімізде білім гранттарының құны 1 млн теңгеге дейін көбейеді

Елімізде білім гранттарының құны 1 млн теңгеге дейін көбейеді
ашық дереккөзі
Елімізде білім гранттарының құны 3 есе артады. Бұл туралы Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты.  «Дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мұның бірнеше себебі бар. Оның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Әрине бұл қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай біз білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл – маңызды қадам. Өйткені грант құны 2011 жылдан бері өскен жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік тілді оқыту тиімділігін арттыру үшін Тіл комитетін Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізу туралы тапсырма берді.