Жаңалықтар

Тіл комитеті Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтеді

ашық дереккөзі

Тіл комитеті Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтеді

Тіл комитеті келесі жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді.  «Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз керек. Бұл мәселеде Еуропа елдердің тәжірибесіне назар аудару қажет. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру керек. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», - деді Қаcым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды.