Жаңалықтар

Блокбекеттегі қайғылы оқиға: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан босатылды

ашық дереккөзі

Блокбекеттегі қайғылы оқиға: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан босатылды

Екі полиция қызметкері қаза тапқан Алматы облысындағы блокбекеттегі қайғылы оқиғаға байланысты жүргізілген тексеру нәтижесінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тоғыз қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығарды.  Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К.Е. Сатаев, Алматы қаласы ПД Кадр саясаты бөлімінің бастығы, полковник О.С Мырзабеков, Жеке құрам инспекциясының бастығы, полиция полковнигі Ақылбеков қызметтерінен босатылды. Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі М.А.Саттаровқа, Алматы қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.О. Көкрекбаевқа, Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.А Нашарбековқа ескерту жасалды. Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қ.Д. Таймерденов қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар, ПД бастығының орынбасары Н.С Алмасбековке, баспасөз қызметінің жетекшісі С. Әзірбекке де қатаң сөгіс берілді.