Жаңалықтар

COVID-19: Белоруссияда 208 науқас көз жұмды

ашық дереккөзі

COVID-19: Белоруссияда 208 науқас көз жұмды

Белоруссияда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 38 059 адамға жетті, деп хабарлайды БЕЛТА.  Елде індетке шалдыққандардың 15086-сы емделіп шықса, 208 науқас көз жұмды.  Белоруссияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эпидемия басталғалы мемлекетте COVID-19 вирусына барлығы 472 906 тест тапсырылып, оның 38 059-ы оң нәтиже көрсеткен.  Еске сала кетейік, мамырдың басында ел президенті Александр Лукашенко коронавирусты бір айда жеңуге уәде берген.  Алайда кейінірек асылық айтқанын мойындап, індетті ауыздықтау үшін тағы  бір ай «тырбаңдауға» тура келетінін айтты.