Сот шешімі: тұтынушылардың билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салынды

Сот шешімі: тұтынушылардың билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салынды

Сот шешімі: тұтынушылардың билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салынды
ашық дереккөзі
Сот Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Сот ҚР Азаматтық авиация комитетінің топтық шағымын қанағаттандыру үшін Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен. 22 сәуірде Түрксіб аудандық сотында видеобайланыс форматында бірінші сот отырысы өтті. Сотта ҚР Азаматтық авиация комитетінің тоқтатылған рейстердің билетін алған клиенттердің қаражатын қайтару үшін «Bek Air» АҚ шағымы қаралды. Комитет 560 қазақстандықтың мүддесін қорғады. Олар 37 млн теңгеге 1 070 билет сатып алған. Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанда «Bek Air» әуе компаниясының 2100 Алматы – Нұр-Сұлтан рейсі әуеге көтеріліп бара жатқанда биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға, одан кейін қосқабатты үйге соғылған. Апаттан 12 адам қайтыс болды, 29 адам жарақаталды. 51 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Екі адам емханаға келген кезде қайтыс болды.