Дизайн мамандығын оқудың ерекшелігі

Дизайн мамандығын оқудың ерекшелігі

Дизайн мамандығын оқудың ерекшелігі
ашық дереккөзі
Нарық пен бәсекелестік заңдары – баспа-полиграфиялық өнімдердің жоғары сапада,   экономикалық тиімді және жедел жарыққа шығуын талап етеді. Басылымның сапалы да экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында кітап шығарудың техникалық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білу, өнімділігі мен ұтымдылығы жоғары жаңа техникалар мен технологияларды, полиграфиялық басу әдістерінің сәйкес келетін ұтымды түрін, полиграфиялық жабдықтардың тиімді форматы мен бояулылығын, полиграфиялық материалдардың басылымға сәйкес келетін түрлерін дұрыс таңдай білу – баспа-полиграфия саласының мамандарына қойылатын басты  талаптар. Бүгінгі күні баспа-полиграфия ісінің қыр-сырын толық меңгерген, заманауи бағдарламалармен жұмыс істей білетін, басылымдарды өңдеу, беттеу, безендіруге арналған бағдарламаларды жетік игерген, жаңа технологиялармен жұмыс істей білетін біліктілігі жоғары баспа ісі, полиграфия және дизайн мамандықтарына деген сұраныс жоғары екені мәлім. «Баспа ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер баспа өнімдерінің техникалық көрсеткіштері мен құрылымын стандарт талаптарына сәйкес сапалы да тиімді етіп құрастыруды, баспа ісі мен баспа-полиграфиялық заманауи техникаларды, инновациялық технологияларды жетік меңгеріп шығуы керек. Заманауи жетістіктер, нарық пен бәсекелестік заңдары болашақ маманның баспа-полиграфиялық техника мен технологияларды терең зерттеп, білімінің үздіксіз арттырып отыруын талап етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасында «Баспа ісі» және «Дизайн» мамандықтары бойынша мамандарды даярланады. Осы мамандықтар бойынша білім алып жатқан баспа ісі және дизайн кафедрасының студенттері баспа-полиграфиялық өндірістік үдерістер жайлы теориялық білім алуымен қатар, салалық арнайы жабдықтар мен аппараттарды көзбен көріп, қолмен  жұмыс істеуге үйренеді. Баспа өнімдерін даярлауға қажетті безендіру бағдарламалары мен жаңа технологиялар арнайы лабораториялар мен компьютерлік сыныптарда іске қосылған. Болашақ мамандар басылымның өлшемдерін есептеудің әдіс-тәсілдерін, тапсырыстың болашақ макетін құрастырып, осы макетке сәйкес баспа өнімдерін даярлау жолдарын үйренеді.  Осындай жұмыстардың куәсі ретінде «Баспагер-Полиграфист» үйірмесі аясында даярланған, түрлі-түсті 44 беттен тұратын, студент жастарға арналған тәжірибелік жастар журналдарын мысалға келтіруге болады. Мысалы, Интернетте «Шуақ» оқу-тәжірибелік жастар журналының арнайы сайты бар. Зертханалық жұмыстарда нақты бір басылымның техникалық көрсеткіштеріне сәйкестіре түпнұсқа макетін жасап, бүктемелеу, жинақтау, бекіту үрдістерін орындау  арқылы кітап бумасын даярлау, оның өлшемдерін есептей отырып қажетті қағаз шығынының мөлшерін шығару және кітап бумасына сәйкес келетін мұқабаны даярлап оны осы кітап бумасына кигізу, картонмен түптелетін мұқабаның өлшемдерін есептеп, өлшеп, пішіп, желімдеп,  бекітілетін форзацтың да өлшемдері есептеліп желімдегеннен кейін оны дайын болған түптеу мұқабасына қондыру жұмыстарын студенттер өздері жасап шығарылады

Бәтіш ОМАРОВА, Ақмөлдір ТЛЕПБЕРГЕН

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 Журналистика факультеті