Болат Бақауовтің ісі бойынша негізгі сот талқылауы 27 мамырға белгіленді

Сондай-ақ!

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20, 21, 22 шілдеде тойланады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың суретін бейнелеу дұрыс емес. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде болған жиында...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады. Бұл туралы WABetainfo хабарлады. Жақын күндері WhatsApp қолданушыларына жаңа ережелермен танысып, келісіміңізді...

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне...

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтің ісі бойынша негізгі сот талқылауы 27 мамырға белгіленді.

Павлодар облыстық сотының сайтында жарияланған Павлодар қалалық №2 сотының қаулысында: «Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа айыпталып отырған Боқауов Болат Жұмабекұлына қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне алынды. Негізгі сот талқылауы сотталушының, мемлекеттік айыптаушының және қорғаушы адвокаттың қатысуымен 2020 жылдың 27 мамыры күні сағат 10.00-ге Павлодар қалалық №2 сотының ғимаратында ашық сот отырысында келісімді өндірісте белгіленсін. Сотталушыға қатысты таңдап алынған бұлтартпау шарасы сол қалпында қалсын», – делінген.

Сонымен қатар аталған құжатта іс бойынша өндірісті қысқартуға немесе тоқтата тұруға алып келетін ешқандай негіз жоқ екендігі аталып өтілген. Процессуалдық келісім жасау барысында тағайындалған сот отырысына кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілмейді.

«Іске қатысты прокурордың айыптау актісі бекітілген жоқ, сотталушыға қатысты тағайындалған бұлтартпау шарасын өзгертуге және алып тастауға негіз жоқ. Қылмыс салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ететін шаралар және мүлікті тәркілеу мүмкіндігі қабылданған. Қарсылық түскен жоқ. Сотқа дейінгі өндіріс барысында күдіктің қорғаушысы ретінде адвокат қатысты. Оның іске қатысуына кедергі келтіретін жайт жоқ», – делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 16 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған еді.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде тергеу мүддесіне орай толық деректер жариялануға жатпайды», – делінген ҰҚК ақпаратында.

Болат Бақауов 18 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Сәуірде оны үйқамақта ұстау мерзімі мамыр айына дейін созылды.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы...

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20,...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...