1 маусымнан бастап бірқатар бағыт бойынша пойыз жүре бастайды

26 мамыр, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
1 маусымнан бастап бірқатар бағыт бойынша пойыз жүре бастайды Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жүре бастайды. ҚазАқпарат ұсынған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз қатынай бастайды: Екінші кезең – 10 маусымнан бастап 39 пойызды жолға шығару жоспарланып отыр. Оның ішінде: Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу көзделген: «Қазіргі кезде (осы жылы 15 мамырдан бастап) жолаушылар билеттері сатылып жатыр. Барлық инфраструктуралық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын. Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады», – деді министрліктен.