Педагог мәртебесі маңызды
Педагог мәртебесі маңызды
Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты оң жолға қойып, білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсартуды мақсат етті. Осылайша білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Қазақстанда білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүргізіле бастады. 90-шы жылдардағы дағдарысқа қарамастан жүргізілген реформаларға сәйкес, Қазақстан білім беру саласында бірқатар өзгерістерге қол жеткізді.
Соңғы жылдары білім беру саласы бойынша педагог мәртебесін арттыру туралы көп айтылды, қоғамды қызу талқыланды. Жалпы кез келген мемлекеттің білім беру саясатынының басты бағыттарының бірі – педагог беделін арттыру.
Бұл ретте Nur Otan партиясы ұстаздар қауымының мүддесін жоғары қойып келеді. Партия көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаев депутаттармен бірлесе отырып «Педагог мәртебесі туралы» жаңа Заңның қабылдануына күш салды. Ұстаз мәртебесі туралы жаңа Заңның қабылдануы ұстаздар қауымын ғана емес, қоғам мүшелерін де қуантты. Қабылданған жаңа заңда педагогтің әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерістерді азайту, жалақысын көтеру сынды өзекті мәселелер оң шешімін тапты. Ал Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен соңғы төрт жылда педаоготердің жалақысы екі есе өседі. Бұдан бөлек, еліміз бойынша жаңа мектептер мен балабақшалар салынбақ.
Елімізде жарияланған карантин жағдайы білім беру саласына да өз әсерін тигізді. Қазақстандық оқушылар коронавирус пандемиясына байланысты төртінші тоқсанда қашықтықтан оқыды. Қашықтан оқыту педагогтер жұмысының қаншалықты маңызды әрі қиын екенін көрсетті. Төртінші тоқсанды аяқтап, жылды қорытындылаған мектеп оқушылары соңғы қоңырау мерекесін онлайн режимде атап өтті. Атап өтсек, биыл Қазақстанда 150 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.