42 500 теңге алмаған қазақстандықтардың өтініші қайта қаралады

Сондай-ақ!

Түлкібас ауданының оқушылары әлемдік рекордты жаңартты

Түлкібас ауданының оқушылары Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды Otyrar.kz. Гір көтерумен 4 жылдан бері айналысатын оқушылар Гиннес кітабына енуді мақсат тұтқан. 2015 жылы...

Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды

Германия тұрғыны 7,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты көршілеріне өсиет етіп мұраға қалдырған, деп хабарлайды CNN агенттігі. Ренате Ведель күйеуі Альфред Ведельмен Германияның орталығында орналасқан...

Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы да жаңа қызметке тағайындалды. 2020 жылғы 10 қыркүйектен бері Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің...

Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты.  Өрт салдарынан 63 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел адам қайтыс болды,...

42 500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада: «42 500 теңге» төлемі тағайындалмағанымен келіспейтін азаматтардың өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау қағидаларына жоғарыда көрсетілген төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізді», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұрын «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.

Өтініш беріледі: Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Растайтын құжаттар тізбесі:

Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:

  • жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
  • жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
  • мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан). ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
  • мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
  • табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

– заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.

Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне беріледі, ол «Өтініш берушінің электрондық іс макетін» қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді. Облыстық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау құқығының бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне және одан әрі МӘСҚ филиалына беріледі.

Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Руслан Царев: Қайсы рудан екенімді білгім келеді

Қазақстандағы күрес жанкүйерлері Руслан Царев есімін жақсы таниды. Грек-рим күресінен Қырғызстан ұлттық...

Түлкібас ауданының оқушылары әлемдік рекордты жаңартты

Түлкібас ауданының оқушылары Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды Otyrar.kz. Гір көтерумен...

Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды

Германия тұрғыны 7,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты көршілеріне өсиет етіп мұраға...

Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы да жаңа қызметке...

Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты.  Өрт...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...