25 Мамыр, 09:52 957 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Блокпостағы көлік апаты: тағы бір полицей қызметкері көз жұмды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Алматы облысы аумағындағы блокпоста болған көлік апатынан жарақат алған екінші полицей көз жұмды, – деп жазды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең шамамен таңғы сағат 05: 30-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылындағы Алматы қаласының блокпостында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқанов есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

«Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір айлық қызы бар», – деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, 1992 жылы туған А. есімді мас азамат «ВМW» №4 блокпосты бұзып өткен. Апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар