24 Мамыр, 19:21 887 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Нью-Йорктегі қазақ полицейі «Әлем қаһарманы» атанды

Қазақстан тумасы, Нью-Йорк қаласының полицейі Димаш Ниязов Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) атынан «Hero of the World award» («Әлем қаһарманы») марапатын алды, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Бүкіләлемдік бокс кеңесінен «Әлем қаһарманы» марапатын алдым. WBC-ге осындай марапаты үшін рахмет айтамын. Мен аянбай еңбек етіп, жастарға және мені бақылап отыратындарға үлгі болуды жалғастыра беремін. Бұл марапат мен үшін қымбат», – деп жазды Димаш Ниязов Instagram парақшасында.

Бұл марапат COVID-19 пандемиясы кезінде белсенді жұмыс істеген тұрғындарға беріледі.

Димаш Ниязов – Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полицейі. Ол 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде жұмыс істейді, Бруклин ауданында патрульдік етеді.

Еске сала кетсек, ол 2017 жылдың басында үздік полиция қызметшісі болғаны үшін марапатталған. Сондай-ақ, кәсіпқой боксшы.

Соңғы жаңалықтар