Елордада түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынды

24 мамыр, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Елордада түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынды Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған. Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады. «Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», – делінген құжатта.