Таяу күндері аптап ыстық болады – Қазгидромет
Таяу күндері аптап ыстық болады – Қазгидромет
Таяу күндері ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады, – деп хабарлады Қазгидромет.
Десе де, кей өңірлерде жел күшейеді, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл соғады.
25-26 мамырда күндіз Павлодар облысында 35-38°С аптап ыстық болуы ықтимал, ал Павлодарда күндіз 35-37°С. 24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерінде солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтауда түнде солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
25-26 мамырда Маңғыстау облысында 42 градус аптап ыстық болуы ықтимал.
24-26 мамырда күндіз Қызылорда облысында 40-43°С градус ыстық болады. 24-26 мамырда кей жерде шаңды дауыл тұрады.
24 мамырда өңірдің басым бөлігінде солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында күндіз 24-25 мамырда кей жерде шығыстан 15-20 м/с жел тұрады, бұл өңірдің кей жерінде шығыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 24-25 мамырда батыстан 40С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 24-25 мамырда тәулік бойы шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 24-25 мамырда 40°С қатты ыстық күтіледі.