Жанармай бағасы арзандап барады
Жанармай бағасы арзандап барады
Өткен аптадағы «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Сауат Мыңбавтың жасаған мәлімдемесі көп кешіктірмей жүздеге асты. Ол Ресейден келген арзан мұнайларға тоқтау болмағандықтан елдегі мұнай бағасы түсуі мүмкін екендігін жеткізген еді. Күні кеше ғана елімізде жанар жағармай бағасы 99 теңгеге дейін арзандады.
Мұндай ақпаратты Энергетика министрлігі таратты. Бағаны қадағалау энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге жүктелген. Ведомство басшысының бұйрығымен қосылған құн салығын есептегенде, дизельді отынның литрі 99 теңгеге тұрақтады. АИ-80-ң бір литрі 89 тенге, АИ-92/93 - тің литрі 99 теңгені құрап отыр.
Астана көшелерінде май құю бекеттеріндегі ахуалды білмекке талпынған едік. Кейбір жанар-жағармай құю стансалары сұйық отынды әлі де болса бұрынғы бағамен саудалап жатқаны байқалды. Олар тиісті бұйрық әлі түскен жоқ дегенге сілтеді. Ал Энергетика министрі Владимир Школьник Ресейден арзан бензин тасымалдауға ешқандай шектеу болмайтынын айтты. Оның себебін бас энергетик Кедендік одақ елдері арасындағы ортақ нарық, ортақ кеңістікпен түсіндірді. "Ендігі міндет - биыл мұнай өнімдері саласында өткен жаздағыдай дүрлігуге жол бермеу.Ресейде рубль курсының өзгеруіне байланысты, онда мұнай өнімдері арзан.
Енді, үкімет біздегі мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды реттеу үшін барлығын жасайды. Десе де, дәл қазір нарықты жабуға болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай тұрақсыздық кезінде көрші елде түрлі жағдай болады. Ресейдің де, біздің де өндірушілеріміз бен тұтынушыларымыз зардап шекпес үшін, келісімдер жасалып жатыр»,- деді Владимир Школьник.
Біздің елде соңғы жарты жылда бензин бағасы 4 рет түсті. 128 теңгеден 115-ке, сосын 109-ға, одан кейін 102-ге. Ал бүгінгі баға - 99 теңге. Бұл бағаның да қашанға дейін тұрақтайтынын ешкім дөп басып айта алмайды. Ал қоғамдық көліктердегі билет құны арзандай ма - оны уақыт көрсетеді. Мұнай бағасыынң арзандауы әң алдымен темір тұлпарды тізгіндеуші қауымды қуантарлық жаңалық болды. Алдағы уақытта азық-түліктің де бағасы төмендесе екен деп тілек бірлірген жұртшылық – бұл құбылысты жақсылыққа жорып отыр.