Мақтааралда моншаны паналап жүрген 28 отбасыға баспана беріледі

Мақтааралда моншаны паналап жүрген 28 отбасыға баспана беріледі

Мақтааралда моншаны паналап жүрген 28 отбасыға баспана беріледі
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданында апатты жағдайдағы ескі ғимараттарда тұрып келген 28 отбасыға қосымша баспана салынады. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин апат аймағына келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрмысы төмен отбасылар бұған дейін су басқан Өргебас ауылындағы бос тұрған ғимараттарды паналап келгені анықталған. Ескі жатақхана мен моншада, балабақшада күнелтіп келгендердің баспанасы барын растайтын ешбір құжаты да болмаған. Осындай тұрғындардың бірі Шолпан Боранова жаңадан үй берілетінін естіп, қуанып отырғанын жеткізді. «Мен осы жерде өмірімнің соңына дейін тұратын шығармын деп ойлағанмын. Өмірімде жаңа баспаналы боламын деп ойламаппын. Себебі үш баланы жалғыз өзім бағып келемін, үлкен үй қалай саламын. Тапқаным бала-шағамнан артылмайды. Ендігі жерде жаңа үй беріледі деп естіп жатырмыз. Өз кезегінде бізге осындай жағдай жасап жатқан билік басындағылар мен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді», – дейді Өргебас ауылының тұрғыны Шолпан Боранова.