#BizBirgemiz: Алматыда аз қамтылған 1700 отбасыға 51 тонна азық-түлік жеткізіледі
#BizBirgemiz: Алматыда аз қамтылған 1700 отбасыға 51 тонна азық-түлік жеткізіледі
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына аз қамтылған отбасылардан бірінші қажеттіліктегі азы-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде көптеген өтініштер түсіп жатыр.
Осы орайда, партияның Алматы қалалық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Абдухалил Долкунтаймен бірлесе отырып Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Әр отбасына табысталатын 30 келілік жиынтықта ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар.
Азық-түлік тарату барысында қажет санитарлық нормалар сақталған.