Биыл Еуроодақ экономикасы 7,7 пайызға төмендейді – Еурокомиссия

Биыл Еуроодақ экономикасы 7,7 пайызға төмендейді – Еурокомиссия

Биыл Еуроодақ экономикасы 7,7 пайызға төмендейді – Еурокомиссия
ашық дереккөзі
Еурокомиссия Еуроодақ елдеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру жолдарын ұсынды. Нұсқаулар жиынтығында  әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелермен қатар денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуы мен цифрландыру жоспарлары қамтылған. Еурокомиссия вице-президенті Валдис Домбровскистің дерегінше, биыл Еуроодақ экономикасы 7,7 пайызға төмендейді. Індет кезінде тұралаған экономикаларды қалпына келтіру жоспары бойынша бөлінетін қаражат бір триллион еуродан асуы мүмкін. Вице-президенттің айтуынша, бұл сомаға несиелер мен гранттар да кіреді. «Қазірдің өзінде 30 миллионнан аса адам жартылай еңбек етіп жатыр. Шұғыл шара қабылдамасақ, бұл жаппай жұмыссыздыққа ұласуы мүмкін. АҚШ-та бір ай ішінде еңбек нарығындағы жағдай күрт ушығып кетті. Еуропа бұған жол бермеуі тиіс. Біз жастар арасында жұмыссыздықпен күреске басты көңіл бөлуіміз керек. Еуроодақтың кейбір елдерінде жастардың жартысы екі қолына бір күрек таба алмай жүр», - деді жұмыспен қамту сауалдары және әлеуметтік құқықтар жөнінде еурокомиссар Николя Шмит. Кәсіпорындар қызметкерлерін жұмыстан шығармай, қайта дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 1 маусымда 100 миллиард еуро бөлінбек. Бұл қаражат есебінен Еуроодақ елдері жұмыс берушілерге жеңілдікпен несие береді. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға жеткенін хабарлағанбыз. Елде 1948 жылдан бері мұндай алаңдатарлық  көрсеткіштер тіркелмеген. Соңғы рет осыған ұқсас жағдай 1982 жылы болған. Алайда ол уақыттың өзінде жұмыссыздық деңгейі 10,8 пайыздан аспаған дейді мамандар.