"Қазмедиа" орталығының екі қызметкері коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығының қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталды.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Еуразия» Бірінші арнасының екі қызметкері індет жұқтырған.
Осыған байланысты «Қазмедиа» әкімшілігі басқа жалға алушыларды 7 маусымға дейін қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Бұл жағдайға байланысты әзірге Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірмеді.
Соңғы дерек бойынша, елімізде COVID-19 вирусы 7234 адамнан анықталды. Өткен тәулікте 265 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Науқастардың 3835-і емделіп шықса, дерті асқынған 35 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 2 науқас өте ауыр жағдайда жатқанын хабарлағанбыз.