Алматыда блокбекеттен адам өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкері сотталды

21 мамыр, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Алматыда блокбекеттен адам өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкері сотталды Алматыда блокпосттан азаматтарды кедергісіз өткізген әкімдік қызметкері сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. «2020 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы тұрғындарынан «Ащыбұлақ» шеңберіндегі №11 блокпост арқылы кедергісіз арлы-берлі өтулері үшін бірнеше мәрте жалпы сомасы 380 мың теңгеден асатын параны алғаны үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы С.Оразов сотталды», - делінген ведомство ақпаратында. Агенттік мәліметінше, сот үкімімен оған 13 млн 300 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.