«Әлем қазақтарымен сұхбат» жобасы қолға алынды

21 мамыр, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
«Әлем қазақтарымен сұхбат» жобасы қолға алынды Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отандастар" қоры бірлесіп, шетелдегі қандастарымыздың сұрауы бойынша «Әлем қазақтарымен сұхбат» бағдарламаны қолға алды. Оның негізгі мақсаты - шетелдегі қазақтардың тыныс-тіршілігімен таныстыру. Бағдарлама аясында қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген беделді қандастарымыз Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Instagram парақшасында және You Tube каналанда тікелей эфир арқылы сұхбат береді. Бағдарламаның жүргізушісі - Сырымбек Төлеуұлы. Осы уақытқа дейін «Ақ ниет» өнер орталығының art-директоры, ресейлік қандасымыз Светлана Альбикова, «Омбы» қазақтары ұйымының төрағасының орынбасары Торғын Ашенова, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақ елі» журналының баспагері Шабан Серкан Динчтүрк, "Tau group of companies" Басшысы Сырымбек Тауұлымен сұқбат ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қандастар көші неге саябырсып қалды?» деген тақырыпта мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев сұхбат берді. Алдағы сұхбат 22 мамырда ұйымдастырылады. Кештің қонағы - Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен мұрасын зерттеген ғалым Әбдуақап Қара. Сонымен қатар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитет көші-қон процестерінің мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов өзекті сұрақтарға жауап береді деп жоспарланып отыр.