Грекияда туристік маусым қашан ашылатыны белгілі болды

Грекияда туристік маусым қашан ашылатыны белгілі болды

Грекияда туристік маусым қашан ашылатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис мемлекет шетелдік туристерді қашан қабылдайтынын айтты, деп хабарлады Ekathimerini. Үкімет басшысының айтуынша, туристік маусым 15 маусымда ашылады. Ал 1 шілдеден бастап барлық туристік бағыттағы халықаралық рейстер қалпына келтірілмек. 15 маусымнан бастап рейстер тек Афина халықаралық әуежайына, ал 1 шілдеден бастап әуе рейстері елдегі барлық әуежайға қонады. Елге келетін туристерден коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама талап етілмейді. Ең алғашқы туристер Балқан түбегі және солтүстік Еуропа елдерінен келеді деп күтілуде. Айта кетейік, бүгінде Грекияда 2850 адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 166 адам көз жұмды.  400-ге жуық науқас дертінен айықты. Ал әлем бойынша қатерлі вирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып жығылды. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індеттен 328 мыңнан аса адам көз жұмды. Еске сала кетсек, бұған дейін Түркияның демалыс орындары туристерді қашан қабылдайтынын хабарлағанбыз.