АҚШ соты Храпуновтарға қатысты үкім шығарды

АҚШ соты Храпуновтарға қатысты үкім шығарды

АҚШ соты Храпуновтарға қатысты үкім шығарды
ашық дереккөзі
Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтында хабарланды. «Мүддесіне Әділет министрлігі өкілдік ететін – Алматы қаласының әкімдігі және БТА Банк талапкерлердің талап-арыздарын растайтын ақпаратты ашып айтуын талап етті. Сот тараптардың позициясын зерделегеннен кейін, Ильяс пен Виктор Храпуновтар сотпен «мысық-тышқан» ойынын әдейі ұйымдастырды және олардың бұл әрекеті жазалануға тиіс деген шешімге келді. Сот Ильястың жоғалған электрондық хаттар туралы сылтауларын ақылға қонбайды деп таныды. Бұған дейін, сот Мұхтар Әбіләзовтің де осыған ұқсас іс-әрекетін жазалаған еді. Ол кезде Әбілязов дәлелдемелерді әшкерелеу процедурасы барысында құжаттарды ұсына алмаған болатын. Сот Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банктің талап-арыздарына тікелей қатысы бар ақпараттарды ұмытып қалғаны туралы Храпуновтардың уәждемесін жалған деп таныды. Сот пайымынша, Ильяс тиісті айғақтарды қасақана жойып жіберген», - делінген ақпаратта. Мәлім етілгендей, судья Ильяс пен Виктор Храпуновтарға Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлеріне кеткен шығынды өтеуді міндеттеді. Сонымен қатар, сот Храпуновтар бұдан былай белгілі бір дәлелдемелерді ұсыну құқығынан айырылатынын және алқа билерге Ильяс дәлелдемелерді қасақана жойғаны туралы нұсқау берілетінін үкім етті. «Бұған дейін, сот Мұхтар Әбілязовқа қатысты да алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді», - делінген мәліметте. «Бұдан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан сот процесінде де сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады. Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Әбілязовтің Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Сот өз шешімінде Әбілязовтің 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрыңғы басшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғанын ескере отырып, Сатердің үрейі сенуге тұрарлық екендігін атап өтті», - деді Әділет министрлігінен.