Ресейдегі режиссер қазақ қызы: Еуропаны емес, елді аңсаймын

Жанына жақын  кәсіпті игеріп, жүрегі қалайтын сүйікті маман­ды­ғын табу жолында төрт университет, төрт мамандық ауыс­тыр­ған Гүлназ Балпейісова есімді жерлесіміз қазіргі таңда Мәс­кеу­дегі Е.Вахтангов атындағы мем­лекеттік академиялық театрында режиссер болып қызмет етеді. Мәскеу сахнасынан бөлек, Вильнюс, Будапешт, Алматы театрларында қойылым қойған, сондай-ақ алдағы уа­қыт­та қазақтың тарихи, эпостық туындылары мен ертегілері негізінде спектакль қою­ды мақсат тұтып отыр. Режиссура секілді күрделі кәсіптің қыр-сырын меңгеріп әрі бұл тек ерлердің ісі деген стереотипті теріске шығарып жүрген Гүлназбен әңгі­мелескен едік.

– Еліміздің батысындағы қара­пайым ауылда дүниеге келген Гүл­наз­дың не себепті Ресейге көшуді ұйғар­ға­нын білгіміз келіп отыр.

– Бес жасыма дейін Батыс Қазақстан об­лысындағы Шыңғырлау ауы­лында тұр­дым, сосын анам қалада өсіп, өнсін деген мақ­сатпен Ақтөбе қа­ласына көшіріп әкелді. Бас­тапқыда мені қазақ мектебінде оқытуды қа­лаған екен, алайда енді тәуелсіздігімізді алып жатқан сол уақытта қазақ тілінен гөрі, орыс тілі үстемдік құрып тұрған кез. Сол се­бепті орыс мектебінде оқуға мәжбүр бол­дым. Әуелгіде орыс тілін білмегеннен қи­нал­дым, себебі ол уақыт­та орыс тілін білмеу ұят еді. Тіпті, мазақ болатындай көрінетін. Бас­қа са­бақ­тардан үлгерімім орташа болса да, сурет салу өнері мен дене тәрбиесінен ға­­на жақсы баға алатынмын. Себебі бұл са­бақтарда орыс тілін білудің қажеті ша­­малы еді (күліп). Сол кезден бастап сурет салу өнеріне қызыға бастадым. ке­ле­­шекте суретшілік кәсіппен шұғылданамын деп шештім. 7-сыныптан соң орта мек­теп­тен көркемөнер мектебіне ауысып, бұл өнер түрін үйрену ісіне шындап кірістім. Сөйтіп, Ұлыбритания астанасы Лон­донда орна­лас­қан Сент-Мартинс өнер және дизайн кол­лед­жінде білім алуды мақ­сат еттім. Алайда анам екеуміз мұның бізге оңай соқпасын біл­дік, себебі мұн­дағы оқу бағасы өте қым­бат болды. Сосын 10-сынып оқып жүргенде анам екеуіміз Санкт-Петерборға он күнге қы­дыруға бардық. Сол кезде мек­теп бітірген бойда дәл осы қалада білімімді шыңдағым келетінін түсіндім. Сөйтіп, Ақтөбедегі көр­ке­мөнер мектебіндегі ұстаздарым мені Санкт-Петер­борға оқуға түсуге жан-жақты әзірледі. Сосын мен оқуға тапсыру үшін осын­­да келдім.

– Сіздің мамандық таңдау жо­лыңыз­ға қарап таңғалып отырмын. Бір­неше оқу орнын аяқтамастан тастап ке­те беріпсіз. Бұл қалай?

– Бастапқыда Санкт-Петербордағы А.Шти­глиц атындағы мемлекеттік көркем өнер­кәсіп академиясына дизайнер-мо­дельер мамандығы бойынша оқуға түстім. Мұн­да екі жарым ай оқыдым да, артынша бұл оқудан шығу туралы шешім қабылдадым. Себебі курста оқитын әрқайсымыз екі жүзден астам эскиздер сызып алып келе­тінбіз. Бұған жауапты оқытушы оның төртеуін ғана қабылдап, қалғанын көз алдыңда жыртып тастайды. Ал сол уақытта әр салған суретім мен үшін алтынмен тең болатын (күліп). Сосын «Мұнда ешқашан келмеймін!» деп тәкаппарлығым ұстап, кетіп қалдым. Мұны анама хабарлағанымда: «Неғылған мінез бұл?! Студент атанбайынша хабарласпа!» деп кесіп айтып, тұтқаны қоя салды. Жаңа оқу жылының екі айы енді өтті, басқа ешқайда тапсыра алмаймын. Сөйтіп, келесі оқу жылына дейін туризм бойынша менеджер болып жұмыс істедім. Сосын костюмердің оқуына тапсырамын деп ойла­нып, осы бағыт бойынша дайындалып жүр­дім. Кейіннен «Неге мен басқа біреуді киін­діруім керек? Неге өзім сахнаға шықпасқа?» деп, ол ойымнан бас тарттым. Оның үстіне костюмер мамандығына тап­сыру үшін алдымен колледжді бітіруің ке­рек екен. Сөйтіп, Мәскеуге барып, мұндағы Ресей мемлекеттік театр өнері институтына (ГИТИС) әртістің оқуына түстім. Бұл оқу барысында режиссер болғым келетінін ұқтым. Ал режиссура бөліміне ауысу мүмкін емес. Қайтадан басынан тапсыру керек екенін білген кезде екінші курста бұл оқу­дан да шығып кеттім. Осыдан соң ре­жис­сураға түсуге барымды салдым, алайда бірінші конкурстан өте алмай қалдым. Содан Санкт-Петерборға қайтып оралып, мұндағы Ресей мемлекеттік сахна өнері инс­титутының (ГАТИ) театр сыншысы оқуына түстім. Бірінші курс оқып жүр­генім­де әйгілі театр режиссері, мықты маман Римас Туминастың курс жинап жатқаны туралы хабарламаны оқып, бірдеңені сез­гендей, тура сол жерде жылап алғаным бар. Сөйтіп бұл мүмкіндікті мүлт жібермейін деп, өнер институтындағы оқуымды тастап, Мәскеуге қайта келіп, мұндағы Б.Щукин атын­дағы Мәскеу театр институтының ре­жиссер оқуына, соның ішінде Римас Туми­настың курсына түстім. Сөйтіп мұнда бес жыл оқып, диплом алып шықтым.

– Әдетте мамандығына деген сүйіс­пеншілігін сезбейтін адамдар соңына дейін оқып шығып, артынша диплом бойынша жұмыс істемей, басқа кәсіпті игеріп кетеді. Мұнымен қоса төрт уни­верситет түгілі, бір университет ауыс­тыруға жүрегі дауаламайтындар да бар. Ал қалауы мен таңдауы дөп келмегенше оқу ауыстыра берген сіз мамандық таң­даудың машақатын бір кісідей көр­ген екенсіз…

– Иә, «оқуды орта жолдан тастап кету – ұят» деген стереотип, наным-сенім ата-ана­мыз­дың бойына әбден сіңіп қалған ғой. Де­сек те, қазіргі таңда мұндай келіс­пеу­шілік­тер сирек болатын секілді. Өз басым әр университетке түсуге барған сайын өзіме: «Мұнымен өмір бойы шұғылдана аламын ба? Өзімді бақытты сезіне аламын ба? Бұл маған қажет пе?» дегендей сұрақтар қоюмен бол­дым. Ойлана келе, көңілім соқпаған соң құжаттарымды алып, шығып кете бере­тінмін. Режиссерлікті оқып жүргенде де кетемін деп байбалам салған сәттер болды (күліп). Алайда маңайымдағы мені біле­тіндер бұл ойымнан айнытып, бұл маман­дық мен іздеген кәсіп екенін түсінуіме се­беп­ші болды. Оның үстіне екінші курстан бас­тап режиссердің көмекшісі қызметін атқару арқылы бұған деген ынтам арта түсті. Сізге мынаны айтайын, мынадай бейбіт заманда өз ісімізді табуымызға, іздеуімізге, мұны таппағанша тау мен тасты қо­паруымызға құқымыз бар. Қазір өз жо­лыңды таба алмай жүрсең, ерте ме, кеш пе, түбі бір арнаға түсетінің белгілі. Кейбір адам­дар тіпті қырық беске тақаған жаста бас­қа бағыттағы пойызда келе жатқанын тү­сініп, орта жолдан бұрылып, өмірін тү­бегейлі өзгертіп жатады. Сол себепті өзіңді қолайсыз сезінетін жерде тұрып қалмай, басқа жылы жерге жайғасып, сол жылудың рахатын көргенге не жетсін?!

– Қоғамда «режиссер болу – әйел адам­ның қолынан келмейтін, ырқына көн­бейтін іс» деген пікір тағы бар. Мұны сіз оқу барысында сезген де бо­лар­сыз?

– Әлбетте. Негізі, мен оқыған курсқа түсу үшін үлкен конкурс болды, бір орынға жүз­ден астам үміткер тапсырды. Сол жүздің ішінде тек жетеуіміздің бағымыз жанып, оқу­ға түссек, соңында төрт адам ғана абы­рой­мен тамамдап шықтық. Айта кетерлік жайт, сол төртеуінің ішінде мен жалғыз қыз режиссермін. Жалғыз қыз болған соң, маған сыни көзбен қарайтыны түсінікті жағдай. Оқу барысында бәрі де болды, өздерін мық­ты жағынан көрсетіп, менің әлсіз тұс­тарым­ды тауып, мысымды басып тастағысы ке­ле­тін кездер болды. Менсінбей қараған сәттер де жоқ емес. Десек те, уақыт өте келе көз­қара­сы түзеліп, тең қарай бастады.

D1B97BE3 E86D 4837 8492 9BEB618EE6D4

– Жаңа бір сөзіңізде «екінші курстан бастап режиссердің көмекшісі қыз­ме­тін атқардым» дедіңіз. Демек, Мәс­кеу­дегі бүгінде өзіңіз қызмет етіп жүрген Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік ака­демиялық театрға сол уақытта жұ­мысқа орналастыңыз ба?

– Иә, бірінші курс аяқталған соң, Римас Туминас мені жұмысқа шақырды. Жоғарыда ай­тып өткендей, «Әйелден режиссер шық­пайды» деген пікірді теріске шығару үшін бірін­ші курста тынбай еңбек еттім. Шүйліге қа­раған өзгеге өзімді дәлелдегім, мойын­дат­қым келді. Оның үстіне бұған дейін түрлі оқу орнын ауыстыра жүріп, бірдеңе үй­рену­ді «сағынып» қалған менің сол уақытта оқу­ға деген ынтам мен құлшынысым тасып тұр­ды. Сөйтіп, ұстаздар бір ғана тапсырма бер­се, мен мұны екі есе істеп келетінмін. Қо­сымша тапсырмаларды орындаудың қа­жеті жоқ болса да, түгелін қалдырмай жасап келетінмін. Мұны байқаған режиссер өзінің көмекшісі ретінде жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Айта кетерлік жайт, режиссердің көмекшісі болуға қазақы менталитетімнің пайдасы көп болды. Әдетте режиссер белгілі бір спектакльді сахналау процесінде көңіл күйі құбылып, өзін еркін ұстайды. Қаласа дауыс көтереді, нұқып жеткізеді. Мұндайда бала кезімізден қанымызға сіңіп кеткен «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген бір ауыз сөз маған қатты көмектесті. Бізде үлкендеріміз ашуланса да, дауыс көтерсе де алдына кесе-көлденең тұрмай, қарсы шық­паймыз ғой. Тіпті, «Барып кел, шауып кел, алып кел, жүгір, отыр» десе де, бас изей жү­ріп барлығын орындаймыз. Бұл – біз үшін қалыпты жағдай. Ал театрдағы басқа ұлт­тар осылайша режиссер мені кемсітіп жа­тыр деп ойласа керек. Оларды жұмсап, бір­деңе талап етсе болғаны «Неге біз іс­теуіміз қажет? Неге көп жұмсай береді? Не­ліктен дауыс көтереді? Біз адам емеспіз бе?» дегендей келіспеушілігін білдіріп, ашуға бой алдыратын. Ал мен бұдан ашула­на­тын­дай дәнеңе таппай, қиынсынбай орындай­тынмын. Сөйтіп жүріп тәжірибе жинап, артынша өзімнің жеке спектакльдерімді қоя бастадым. Қазіргі таңда И.Буниннің
«В Па­риже», А.Стриндбергтің «Фрекен Жюли», А.Грибоедовтың «Горе от ума», С.Цвейгтің «Цвейг.Новеллы/Лепорелла», Т.Манның Manno Laime («Мое Счастье – Счастье Ман­на») мен «Дорога», Н. Садурдың «Всё будет» және И.Куприннің «Аллез» атты спек­такль­дерін сахналадым.

– Режиссерліктен бөлек, Михаил Бул­гаковтың «Бег» атты спектаклінде ой­найды екенсіз. Режиссер бола тұра, бұл рөлге қалай шақыртылдыңыз?

– Бастапқыда бұл спектакльде әртіс емес, режиссер Юрий Бутусовтың көмекшісі болуым керек болатын. Бірде ол кісі келіп: «Онегин» спектаклінде ассистент болған кім, сол кісі менің спектаклімде ойнауы тиіс» деген талап қойды. Бұл рөлді ойнағым келмей, барынша құтылып кеткім келген. Оған режиссер көнбеді. Мұнда ойдан құрас­тырылған театр адамының рөлін ойнаймын. Ашығын айтсам, таразының басын әртіс емес, режиссерлік қызметім басып тұр.

8D44BF80 6FCB 4B1B 8D7F 0706167B496E

– Қоржыныңыздағы өзіңіз атаған сегіз туындының ішінен «Всё будет» спек­таклін Венгрияға, «Аллезді» Лит­ваға барып қойсаңыз, «Горе от ума» қойы­лымын Қазақстанда, соның ішін­де Алматыдағы М.Лермонтов атындағы орыс драма театрының шақыртуымен сах­налапсыз. Еуропаның театрында қойылым қою бір бөлек, десек те Ал­ма­тыдағы театрсүйер көрерменнің жө­­ні тіпті бөлек екені айтпаса да тү­сі­нікті. Алматыда атқарған жұмы­сыңыз­дан қандай әсер алдыңыз?

– Алматыдағы жұмыс барысында қатты қо­­бал­жыдым. Туған жердің сахнасына алып шыққалы тұрған алғашқы туындым болған соң, бұл қобалжуым заңдылық. Десек те, бас­қа театрлармен салыстырғанда кәсіби дайын­дық өзгеше болды. Оның үстіне мен­талитет те ықпал етпей қоймады. «Біздің қыз әрі жас, әрі режиссер бола тұра бізге ақыл айтады» дегендей пікірлер айтылды, мұн­дайда «Онда несіне шақырдыңыздар?» деп айтқым келді. Сөздің ашығы керек, жас ма­мандардың бағасын кеміту, оларға мұры­нын шүйіру, жас деп санаспау бізде әлі де бар екен. Алайда бастапқыда басқаша қара­ған олар ақырында түсіністік танытып, спек­такльдің сәтті шығуына зор үлес қосты.

– Көрерменнің ыстық ықыласына бө­ленген бұл жұмысыңыздан кейін отан­дық театрлар тарапынан қойылым қою туралы ұсыныс түсіп те жатқан бо­лар…

– Иә, ұсыныстар бар. Алайда олар за­ма­науи драматургияға сай спектакльдер қой­ға­нымды қалайды. Ал бұл маған жақын емес, мен қазақ тілінде баллада немесе эпос­тық туынды не болмаса ертегілеріміздің кейбірін сахнаға алып шыққым келеді. Жо­ғарыда айтып өткенімдей, орыс мек­тебінде оқығаным бар, соңғы он бес жылда орыс­тілді ортада жүргенім бар, мұның бар­лығы ана тілімді білу деңгейімді төмендетіп алуы­ма септігін тигізді. Қазақ тілінде сөйлеуге қы­сыламын. Әсіресе, күрделі сөйлемдерді дұрыс құрай алмайтын болыппын. Алдағы уақытта қазақтілді спектакль қою мақса­тым­ды жүзеге асыру үшін қазақ тілін қайта оқып жатырмын. Бүгінде елдегі театрдың бірінде әртіс болып жұмыс істейтін Жанел Серғазинадан қазақ тілін қайта үйреніп жа­тырмын. Өткенде ол екеуміз С.Қожы­қов­тың «Қыз Жібек» киносын қазақ тілінде та­машаласақ, жуырда А.Қарсақбаевтың «Ме­нің атым Қожа» киносын көрмекшіміз. Сә­тін салса, келешекте қазақтілді ауди­то­рия­ға қазақ тіліндегі спектакльдерді ұсы­натын боламын.

FA3DFA64 AFAB 4B98 88A2 76624AD5E651

– Өнердегі ұстазыңыз әрі сіз еңбек ете­тін театрдың көркемдік жетекшісі, бел­гілі режиссер Римас Туминас осы­дан үш жыл бұрын берген бір сұх­ба­тында сізді көзінше мақтамайтынын, ал былайынша мақтан тұтатынын, сондай-ақ атқарып жүрген ісіңіздің қан­дай маңызды екенін қазір түсінбесе де, кейін түсінетініңізді айтыпты. Ал қазір мамандығыңыздың маңызын түсіне алдыңыз ба?

– Бар болғаны өнерді халыққа та­ра­тушы, жет­кізуші екенімді жақсы түсінемін. Режиссер екенмін деп көкірегімді кермей­мін. Мәскеудегі ерекше ортада жұмыс істеп жатқаныма масайып, «жұлдыз ауруына» шалдыққан түгім жоқ, шалдықпаймын да. Сырт­та жүрген соң, көпшілігі мені «Еуропаға бет бұрып кетті, бітті, өзгерді. Қазақстанды қайт­сін?» дегендей ой түйеді екен. Шындап кел­генде, тіпті де олай емес. Маған елде жұ­мыс істеген қызық. Қазіргі таңда әртүрлі ел­дің сахнасына барып, спектакль қою мүм­кіндігі бар. Сол әр елдің театр мәдениетінен өзіме керегін алып, тәжірибе жинақтап, алдағы уақытта мұны елге көрсеткім келеді. Әрбірден соң, мен қарапайым ауылдан шыққан қызбын ғой. Несіне өзгерейін?!

– Ауыл демекші, шетте жүрсеңіз де, сөз арасында ауылдың тұрмыс-тір­ші­лігіне алаңдайтыныңызды байқап қал­дым. Шыңғырлауға қаншалықты жиі барып тұрасыз?

– Жиі барып тұрамын. Оған себеп әкем мен үлкен әжемнің қабіріне барып құлшы­лық жасаймын. Бес жасымнан бастап үйрен­ген соң, өзім Құран оқимын. Барған сайын жеңілдеп, ерекше тылсым күш-қуат­қа толып қайтамын. Алысқа кетсем де, ауыл­ға тартып тұрады, сондықтан да ауыл өмі­ріне немқұрайлы қарамаймын. Былтыр бар­ғанымда ауыл маңында жайылып жү­ретін қой, ешкі, сиыр санының азайғанын бай­қадым. Мұнымен қоймай, ауылды қала­ландыру үрдісі белең алғанын көрдім. Кіш­кене дүкендердің орнына үлкен дүкендер же­лісін салып, «ауылды ауыл» ететін құры­лымдарды өзгертіп жатыр екен. Бұған дейін ауылда лимонад, май шығару зауыттары жұ­мыс істейтін. Сондықтан ауыл тұрғын­да­рының тұрақты жұмыс орындары бола­тын. Қазір ауылдағылар мұндай мүмкін­дік­тен де айырылыпты. Десек те, екінің бірі ауыл­дан қалаға көшкісі, жылы орнын суыт­қысы келмейтінін ескерсек, ауылды қа­ла­ландырмай, қаз-қалпында қалдырған дұрыс әрі жұмыс орнын жандандырған жөн деп ойлаймын. Ауылда тұрғаннан да ләззат ала­тындар бар. Мал баққанды, бау-бақша еккенді, түрлі шаруашылықпен айна­лыс­қанды ерекше жақсы көретіндер де бар. Біз секілді сонау қаладан ауылдың өмірін сағы­нып баратындар да бар. Сол үшін ауылдың сипаты өзгермей, ауыл болып қалса деймін.

 

Сұхбаттасқан

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...
f47ccd67e7e8fb3980aae6fd6c48c42a

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі...
3eb86bf2 9f87 49a9 99ae e1a041753f0a

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан...
caeb690e 0749 4653 8416 17adeaa47b53

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық...

Жаңалықтар

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...