21 Мамыр, 13:44 396 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Уханьда жабайы жануарларды өсіруге және жеуге тыйым салынды

Қытадың Ухань қаласының билігі бес жыл бойы жабайы аңдарды тағам ретінде пайдалануға, оларды өсіріп, сатуға және жарнамалауға, сондай-ақ, аулауға тыйым салды, деп хабарлайды РБК.

Қаулы қала билігінің сайтында жарияланды. Тыйым құжат жарық көргеннен бастап бес жылға дейін күшін жоймайды. Шектеу жер бетіндегі барлыұ жабайы жануарларға қатысты. Тек ғылыми зерттеулер, популяцияны реттеу мақсатында және басқа да ерекше жағдайларда ғана аң аулауға рұқсат етіледі. Ол үшін жергілікті биліктен рұқсат алу қажет.

Жабайы жануарларды жасанды өсіруге тек жануарлар түрлерін сақтау, ғылыми зерттеулер мен демонстрациялау мақсатында бақылаушы органдардың мақұлдауымен ғана жол беріледі. Жабайы жануарларды өсіретін кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына өтемақы төленбек.

 

Соңғы жаңалықтар