Жаңалықтар

Төлеби ауданында 38 үй сүріліп, қайта салынады

ашық дереккөзі

Төлеби ауданында 38 үй сүріліп, қайта салынады

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқынынан келген зардапты қалпына келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр. Жұмысқа 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған. Ауданда мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үй бұзылып жатыр. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды. Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.