Жаңалықтар

Apple мен Google-дің өнімі: COVID-19 жұқтырғандарды бақылайтын қосымша іске қосылды

ашық дереккөзі

Apple мен Google-дің өнімі: COVID-19 жұқтырғандарды бақылайтын қосымша іске қосылды

Apple және Google компаниялары  COVID-19 жұқтырған адамның орнын хабарлайтын мобильді қосымшаны іске қосты.  Жаңа қосымша әлемнің денсаулық сақтау органдарына коронавирустың таралуын қадағалауға мүмкіндік береді. Әлемнің түрлі елдерінің үкіметі енді бұл технологияны ауру жұқтырған науқастарды және олармен байланыста болуы мүмкін адамдарды бақылау үшін қолдана алады, деп хабарлайды Technology Review. Мамандар Apple және Google компанияларының бірлесіп жасаған қосымшасы пандемиямен күрес процесін едәуір жеделдетеді деген үмітте. Бұл ғаламдық алпауыттардың серіктестігі ауруды жұқтыруы мүмкін тасымалдаушыларды табу бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Өндірушілердің айтуынша, 22 мемлекет, сонымен қатар АҚШ-тың бірнеше штаты API-ге қол жеткізген. Apple және Google дерегінше, коранавирусы бар науқастарды бақылау технологиясы пандемияны жеңген елдерде біртіндеп өшіріледі. Мұндай технология пандемия ауқымын азайтуға көмектеспек. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып жығылды. Індеттен 328 мыңнан аса адам көз жұмды.  Ал Қазақстанда қатерлі вирус 7234 адамнан анықталды. Өткен тәулікте індет жұқтырудың 265 жаңа дерегі тіркелді