Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. «Құрметті əріптестер! Сіздерді мəдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн. Бұл - қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр жəне опера əртісінің, өңірлерлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғаусыз алғыс айтатын кəсіби мереке. Бүгінде технологияның ілгерілеп, кешегі ақпараттың мəн-маңызы бəсеңсігеніне қарамастан, рухани жауһарларымыз бен мəдени құндылықтарымызды мəйек етіп қана əлемдік қауымдастық алдында егемен еліміздің абыройын үстем ете аламыз. Осы орайда жауапты қызметтің қазанында қайнап жүрген Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табандылық пен толайым табыс тілеймін» делінген министрдің құттықтау хатында.