Дерттен кейінгі депрессия

Дерттен кейінгі депрессия

Дерттен кейінгі депрессия
ашық дереккөзі
Әлем елдерінің көпшілігі коронавирустың шарық­тау шегін еңсерді. Қазақстан да ін­деттің қауіпті кезеңінен өтті. Эпидемиологиялық ахуалды ес­кере отырып, мемлекеттер ка­рантин режимін жеңілдете бас­тады. Алайда карантиннен кейін­гі өміріміз оған дейінгідей бо­ла ма? «Бәрі өзгереді, бұрын­ғы­дай болмайды» деп жүрген­дер­дің меңзегені не? Пандемия­ны жеңген соң әлемді тағы қан­­дай күрес күтіп тұр?  Каран­тин адам­затқа не үйретті, неге үйір ет­ті? Осы сауалдарға жауап із­де­дік.

 Жаһанды жұмыссыздық жайлады

 Коронавирус әлемді әбден сы­на­ды. Індеттің өзімен күрес қан­ша­лықты қиын болса, оның салдары­мен күрес те соншалықты күрделі бол­мақ. Карантин кезінде шығынға шаш етектен батқан жаһандық эко­но­миканың есін жиғызып, еңсесін тік­теу үшін қанша күш, қанша уа­қыт жұмсауға тура келетіні белгісіз. Са­рапшылар жаһан экономикасы соң­ғы жүз жыл ішінде болмаған дең­гейге түсетінін болжап отыр. Азия даму банкі мамандарының болжамынша, егер карантин жарты жылға созылатын болса, әлемдік қар­жы жүйесі 8,8 трлн доллар жо­ғалтуы мүмкін. Ал экономика үш айдың ішінде қалпына келмесе, 5,8 трлн доллар шығынға батпақ. Пандемияның зардабы ауыр болатынын елімізде төтенше жағ­дай режимінің аяқталуына орай жа­саған мәлімдемесінде Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айт­ты. «Коронавирус пандемиясы әлем­дік рецессияның басталуына се­беп болды. Тіпті, ұзаққа созы­ла­тын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін. Жер-жер­де протекционизмнің күшеюі белең алуда. Экономиканың тұтас сала­лары тоқырауға ұшырап жатыр. 400 миллионнан астам кәсіпорын банк­рот болудың алдында тұр. Әлемдегі ең­бекке жарамды халықтың жар­ты­сына жуығының табысы азай-ды», – деді Президент. Иә, бүгінде індет статис­тика­сы­нан гөрі экономиканың кері кеткен көр­сеткіштері көбірек үрейлен­діре­ді. Пандемияның ең күрделі сал­дары – жұмыссыздық белең алып бара­ды. Халықаралық еңбек ұйы­мының соңғы есептеуі бойынша, 2020 жылдың алғашқы жарты жыл­дығында әлемдегі жұмысқа қабі­летті адамдардың жартысы, яғни 1,6 миллиард адам нәпақасынан айы­рылуы ықтимал. Ұйым маман­дарының болжамынша, жұмыс сағаттарының қысқаратыны сон­дай, азаятын жұмыс уақытының ауқымы толық штаттағы 305 мил­лион адамның жұмыс ауқымына тең болмақ. Экономикалық белсен­ділік төмендейді, тіпті жұмыс істеп жүрген адамдардың арасында ке­дейлік өседі дейді сарапшылар.

 АҚШ: Соңғы 75 жылдағы ең үлкен құлдырау

Әлемнің барлық бұрышында жағдай мәз емес. Аузын айға білеген Аме­риканың өзі тығырыққа тірелді. Өткен аптада АҚШ-та 3 миллионға жуық адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Елдің еңбек министрлігі жариялаған мәліметке сүйенсек, соңғы екі айда олардың саны 36 миллионнан асып жығылған. Табысынан айырылғандардың көпшілігі – қонақүй бизнесі, сауда және өндіріс салаларының қызметкерлері. Жергілікті экономистердің айтуынша, бір ғана сәуір айында 20 миллионнан аса америкалық екі қолға бір күрек таппай қалған. Елдегі жұ­мыссыздық деңгейі бүгінде 14,7 пайызға жетіп отыр. Құрама штаттарда 1948 жылдан бері мұндай алаңдатарлық көрсеткіш тіркелмеген. Соңғы рет осыған ұқсас жағдай 1982 жылы болыпты. Алайда ол уақыттың өзінде жұмыссыздық деңгейі 10,8 пайыздан аспаған дейді мамандар. АҚШ-тың инфекциялық аурулар бойынша белгілі сарапшысы Энто­ни Фаучи «карантиннен тым ерте шықсақ, азаматтар зардап шегіп, өлім-жітім көп болады» деп, штаттарды шектеу шараларын асығыс алып тастамауға шақырды. Ал Ақ үй басшысының экономика бойынша кеңес­шілері карантин жалғаса берсе, жұмыс­сыз­дық тіпті өршіп, мамыр-маусымда 20 пайыз­­­дан асып кетуі мүмкін деп дабыл қақты. Экономикаға жәрдем беру үшін АҚШ үкіметі 3 триллион долларға жуық түрлі көмек пакеттерінен тұратын жоспар ұсынып, бюджетті ұлғайтты. Наурызда қа­былданған ел тарихындағы ең ірі көмек жоспарының бюджеті 2 триллион болған еді. Оның үстіне, үкімет азаматтарға көмек ретінде тікелей тарату үшін 500 миллиард, ірі өнеркәсіп орындарына несиеге 200 мил­лиард, ал шағын өнеркәсіпке 300 миллиард доллар бөлуді ұйғарған. Заң шығарушылар көмектің жаңа пакетін әзірлеуді талқылап жатса, өкіл­дер палатасындағы демократтар азаматтарға тікелей жәрдем беру, бизнесті қаржыландыру, жағдайы қиын штаттар мен қалаларға көмектесу, студенттерге несие беру және пәтер жалдау мен ипотека тө­лемдерін жеңілдету бойынша жаңа заң жо­басын дайындауға кірісті. Әйтсе де, бұл шаралар республикалықтар тарапынан қолдау таппауы мүмкін. Демократтар ара­сында да «бұл шаралар азаматтарға толық жалақы төленеріне кепіл бола алмайды» деп санайтындар жоқ емес.

Германия: Kurzarbeit' құрдымнан құтқара ала ма?

Дағдарыс Германияның еңбек на­рығын да айналып өткен жоқ. Елде жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызға көтерілді. 10 мил­лионнан астам қызметкер қысқар­тыл­ған жұмыс кестесіне көшкен. Герма­нияның Еңбек жөніндегі федералды еңбек агенттігінің дерегінше, елде еңбек етіп жүрген 33 миллионнан астам адамның әр­бір үшіншісінің жұмыс сағаты қысқар­тылуы мүмкін. Германия Еуроодақтың ең қуатты экономикасы саналатындықтан, не­містердің тынымсыз тірлігіне көз тігушілер жай күндері де аз емес. Ал дағдарыс жағ­дайын­да тығырықтан шығудың тиімді жо­лын көрсетер деп бұл елдің қимылын бақ­қандар қатары тіпті артты. Германияда қа­былданған Kurzarbeit' (неміс тілінен аударғанда «қысқамерзімді жұмыс» деген ма­ғынаны білдіреді – автор) бағдар­ла­ма­сына көптің құлағы қанық. Қысқа мер­зім­дік жұмыс бағдарламасы бойынша ме­ке­мелер жұмыс уақыттарын қысқартқанымен, жұмысшыларға жалақысының 60 пайызын төлеп отырады, бұл үшін оларға субсидияны үкімет береді. Kurzarbeit' 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде де Гер­ма­нияны көп қиындықтан құтқарған. Тиім­ділігін дәлелдеген бағдарламаның әртүрлі нұсқасы кейіннен Ұлыбритания, Италия, Нидерланд елдерінде пайда болып, кеңінен қолданыс тапты. Жұмыссыздық мәселесін шешудің бұл әдісін Халықаралық еңбек ұйы­мының басшысы қолдап, өзге елдерге үлгі ретінде ұсынды. Оның айтуынша, Kurzarbeit' өндірістің тұраламауына және м­е­кемелердің тұрақты түрде жұмыс істеуіне мүм­кіндік береді. Десе де, кейбір сарап­шы­лар бұл бағдарлама тиімді болғанымен, ұзақ уақыт жұмыс істей алмайтынын алға тар­тады. Мюнхендегі Экономикалық зерттеу институтының дерегі бойынша, Гер­маниядағы компаниялардың жартысы шамамен 10 миллиондай адамның жа­ла­қысын субсидиямен жабу туралы өтініш бер­ген. Kurzarbeit' концепциясы бойынша компания жұмысы қайта жанданғанда жұ­мысшылар іске кірісуге дайын болады. Ал егер компания аяқтан тік тұра алмаса, жұмыссыздықтың өсуінен қашып құтылу мүмкін емес. Сарапшылар жылдың қорытындысы бойынша Германияның ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға төмендеуі мүмкін деп бол­жап отыр. Яғни ел экономикасына рецес­сияға түсу қаупі төніп тұр. Қазірдің өзін­де автокөлік, қонақүй, мейрамхана, сая­хат салаларындағы компаниялар жұ­мыс­шыларын қысқартуға мәжбүр. Каран­тиндік шектеулер тағы үш айға созылса, Гер­маниядағы компаниялардың үштен бірі құрдымға кетуі мүмкін.

Украинада 10 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Карантин кезінде Украинадағы жұ­мыссыздар саны 200 мыңға артып, жар­ты миллион адамға жетті. Елдегі жұ­мыссыздық қазынаға айтарлықтай салмақ түсір­ді. Шектеу шараларына байланысты Ук­раинада әр бесінші бизнес көзі жұмысын то­лығымен тоқтатуға мәжбүр болған. Әсі­ресе, кіші бизнес иелері: кафе, мейрамхана, спорт залдар мен шаштараз және сауда орын­дарын жалға алғандар жұмысшылар ай­лығын төлей алмай, дағдарысқа тап болған. Украина билігі 12 мамырдан бастап карантин тәртібін жеңілдету жол­да­рын енгізді. Атап айтқанда, сұлулық са­лон­дары мен ашық аспан астындағы мейрам­хана жұмысын жалғастыра алады. Ресми статистикада жұмыссыздар саны жарты миллион деп көрсетілсе, елдегі экономика және бизнес саласының тәуелсіз сарапшы­лар карантин кезіндегі Украинада табысы­нан айрылғандар 1 миллионнан 10 мил­лион­­ға дейін артуы мүмкін деп болжап отыр. Елде дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылданды, оның ішінде еңбек на­рығын тұрақтандыруға бағытталған бағ­дарламалар да бар. Премьер-министр Денис Шмыгальдің айтуынша, үкімет жұмыспен қамту орталықтарына құжат өткізу тәртібін жеңілдеткен. «Сондықтан карантин уақы­тын­да жұмысынан айырылған азаматтарды ал­дағы уақытта да тіркеуге тұруға шақыра­мын. Экономика министрлігіне жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыздыққа бай­ланысты жәрдемақы төлеуді жеделдету жө­нінде тапсырма беруді жүктедім», – деді үкі­мет басшысы. Жәрдемақы – тығырықтан шығатын жол емес. Оны Украина үкіметі де, жер­гілікті тұрғындар да жақсы түсінеді. Жұмыссыздықпен күрестің стратегиялық жолы ретінде ел билігі табысынан айырыл­ғандарды ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру ісіне тартуды көздеп отыр. Сәуірде жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен кездесуінде Денис Шмы­галь кәсіпкерлерді украиналықтарды барынша жұмыспен қамтуға шақырды. Мердігерлер құрылысқа ең әуелі жергілікті тұрғындарды тартуы тиіс екені ескертілді. Тек украиналық компанияларға ғана емес, шетелдік компанияларға да осындай талап қойылмақ. Қазіргі таңда елдегі жұмыспен қамту орталықтары екі қолға бір күрек таппай отырған азаматтарға қашықтан жұмыс іздестіруде. Сәуірдегі дерек бойынша, халықты жұмыспен қамту қызметінде не­бәрі 54 мың бос жұмыс орны тіркелген. Яғни, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30 пайызға кеміген. Халықаралық перспективті зерт­теулер орталығының сарап­шы­сы Егор Киянның айтуынша, жұмыссыздықпен күресу үшін жұмыс орындарының құры­латыны туралы жариялау жеткіліксіз, эко­номиканың негізгі салаларында жаңа жұ­мыс орындарын ашуға жедел кірісу ке­рек. «Апострофқа» берген сұхбатында Егор Киян Украина үкіметінің бұл міндетті мүлтіксіз орындай алатынына күмән келтірген.

Қазақстан: Экономиканы түлетудің кешенді жоспары әзірленді

Карантин Қазақстан экономикасына да аз шығын әкелген жоқ. Ұлттық эко­номика министрлігінің дерегінше, әсі­ресе сауда-саттық, туризм, жылжымайтын мүлік, көлік салалары көбірек зардап шекті. Ведомствоның болжамынша, 2020 жылы ел экономикасының өсімі 0,9 пайызға тө­мендеуі мүмкін. ІЖӨ 69,7 трлн теңге көле­мінде болады деп бағаланып отыр. Бұл ал­дыңғы болжамнан 4,8 трлн теңгеге төмен. Десе де, мамандардың айтуынша, ел эко­номикасының бірқатар сала­сын­да өндіріс көлемі арта түспек. Ауыл шаруа­шылығында – 3,2 пайыз, азық-түлік өн­діріс­інде – 1,4 пайыз, құрылыста 1,1 пайыз өсім болады деп күтілуде. Елімізде пандемия салдарымен күрес шараларына 5,9 трлн теңге бөлінгені белгілі. Төтенше жағдай режимінің аяқ­талуы­на байланысты жасаған мәлімде­ме­сінд­е Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қаржының қай салаларға бағыт­талғанын түсіндіріп берді. Президент эко­номиканы қалпына келтіру үшін бірінші кезекте шешілуі тиіс жеті міндетті белгілеп, Үкіметке сол міндеттерді шешетін кешенді жоспар әзірлеуді жүктеген. Жоспар әзір­ленді. Құжат сейсенбі күні Үкімет оты­ры­сында таныстырылып, мақұлданды. Асқар Маминнің айтуынша, кешенді жоспар 6 млн адам еңбек ететін салалардың жұмысын жан­дандыруға жол ашады. Мәселен, азаматтық авиацияны қол­дау үшін Үкімет отандық ком­па­нияларды осы жылдың соңына дейін ұшақ­тарға қосалқы бөлшектерді импорттауда уақыт­ша қосылған құн салығынан босатты. Сон­дай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босаты­ла­ды. Ал резидент еместер авиация саласын­дағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтерге қосылған құн салы­ғын төлемейді. Кешенді жоспарда отандық туризм мен логистиканы қолдау шаралары да қамтылған. Атап айтқанда, әлеуметтік маңы­зы бар бағыттар бойынша жолау­шы­лар автобусының қызметтеріне қосылған құн салығы алынып тасталмақ. Ұлттық эко­номика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, туристік инвестициялық жоба­ларды іске асыру кезінде басым туристік аумақтарда салық преференциялары бері­летін болады. Бұл – корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы және жер салығы бойынша жеңілдіктер. Сондай-ақ транзит кезінде контейнерлік пойыздарды кедендік те­ксеруден өткізу жеңілдетіледі. Ал им­порттау кезінде тексеру соңғы стансада бір рет жүргізілетін болады. Үкімет отырысында ел құлағына жет­кен тағы бір жаңалық – Қазақ­станда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылмақ. Қор арқылы өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыз­дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие берілетін болады. Шағын және орта бизнес те мем­ле­кет қолдауынан қағылмай­ды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдар­ла­масына микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жаңа бағыт енгізіліп, жеке кә­сіпкерлерге 6 пайыздан аспайтын мөл­шерлемемен несие беріле бастайды. Руслан Дәленовтің түсіндіруінше, бизнес иелері ай­налым қаражатын толықтыру мақ­са­тында 5 миллион теңгеге дейін және өн­діріс­тік мақсаттарға 20 миллион теңгеге не­сие ала алады.

Пандемия сабақтарын салмақтағанда...

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның соңғы оты­рысында Президент COVID-19 және со­ған ұқсас вирустар бір реттік құбылыс емес екенін ескертіп, түрлі оқыс жағдай­лар­ға практикалық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге ғылыми көзқарас тұрғысынан да үне­мі дайын болу қажетін айтқан болатын. Сон­дай-ақ Мемлекет басшысы карантин к­езінде жұмыс істеудің пайдаланылған тиім­ді әдіс-тәсілдерін карантиннен кейін де жетілдіре түсуді тапсырған. Үкімет бұл тап­сырманы да орындауға кірісіпті. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, білім беру­де қашықтан оқыту әдістемесі жетіл­діріледі. Оқулықтар мен әдістемелік құрал­дар цифрлық форматқа көшіріледі. Сондай-ақ жыл соңына дейін Биологиялық қауіп­сіз­дік жөніндегі кеңес құрылады. Оған бе­дел­ді ғалымдар мен сарапшыларды тарту көзделген. Бұдан былай елімізде бизнес пен мем­лекет арасындағы қарым-қатынас толығымен цифрлық форматқа, яғни қа­рым-қатынассыз жүйеге көшпек. Пре­зи­денттің тапсырмасы бойынша карантиннен кейін де Үкіметтің, министрліктер мен әкім­діктердің отырысы мен кеңестері ба­рынша қашықтан жүргізіледі. Мемлекеттік органдардың жұмысы барынша оңтай­лан­дырылып, ақша мен уақытты шығындайтын қажетсіз жиындар, басы артық проце­дура­лар алынып тасталады. Пандемия отандық компаниялардың кадр саясатына да бірқатар өзгеріс­тер енгізді. Бұдан былай мамандардың са­нын емес, сапасын арттыруға ден қойылмақ. Мә­селен, пандемия кезінде табысы 3 есе азай­ған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы дағ­дарысты тезірек еңсеру үшін орталық ап­параттағы қызметкерлер санын 34 пайыз­ға, яғни 729-дан 480-ге дейін қыс­қартты. Сонымен қатар департаменттерінің санын үш есе азайтты. Компанияда басқа­ру­шы директорлар лауазымы жойылды. Осы­лайша, «ҚазМұнайГаздың» орталық ап­параты нарықтағы өзгерістерге тез әрі тиім­ді жауап бере алатындай жинақы бо­лып қайта құрылды.

Карантин үйреткен әдеттер

Карантин өмірімізді қалыпты ыр­ғағынан жаңылдырғанымен, жай күн­де елемейтін пайдалы әдеттерге үйір етті. Мәселен, көп уақытымызды үнемдейтін онлайн-қызметтерді пайдалануға дағ­ды­ландық. Дүкендер мен дәмханаларда сағат­тап кезекте тұрмай, керек тауарды, тағамды үйге тапсырыс беру арқылы уақытты ғана емес, кептеліс кезінде жүйкені де артық жүк­темеден құтқарары анық. Пандемия кезінде аты әлемге әйгілі Amazon компаниясы иесінің та­бысы 5 есе артқан. Қазір Джефф Безостың жи­ған-тергені 138 млрд долларға жетті. Мұ­ның бәрі – онлайн сауданың арқасы. Жіп­сіз байланып отырған ел керек-жарағын ин­тернет арқылы алады. Тапсырыстың кө­бейіп кеткені сонша, басқа кәсіпкерлер қыз­меткерлерін қысқартып жатса, Безос 200 мың адамды жұмысқа алмақ. Карантин кезінде әлем бойынша цифрлық өнімдерге сұраныс артты. Мә­селен, Netflix-ке жыл басында 8 млн жаңа жазылушы қосылады деп болжанған. Алайда жаңа тұтынушылар қатары ком­пания жоспарынан екі есе артып, 15 мил­лион­нан асып түсті. Адамдар карантиннен кейін де көңіл көтерудің онлайн плат­фор­маларынан алыстай қоймайды дейді сала мамандары. Өйткені індет жұқтыру қаупі сейіле қоймағандықтан, халық көпшілік орындарға жиі бармауға тырысады. Оның үстіне, карантиндік шектеулер кезінде туын­даған қаржылық қиындықтарға бай­ланысты бұдан былай ақшаны ең негізгі қа­жеттіліктерге ғана жұмсауға тура келері анық. Шектеу шаралары қаржы үнемдеудің, қор жинаудың маңызын ұқтырды. Үнем демекші, бірнеше қабаттық кең­сені жалға алып отырған компания­лар да осы уақытқа дейін көп қаржыны желге ұшырып келгенін түсінді. Еңбек на­ры­ғы мамандарының айтуынша, карантин­нен соң кәсіпорындардың көпшілігі кең­селерін барынша ықшамдап, қашықтан жұ­мыс істеп жатқан қызметкерлерінің біразына сол тәртіпте қызметін жалғастыру­ға рұқсат береді. Карантиннің тағы бір игілігі – ішкі туризмнің дамуына жол ашылмақ. Ту­ризммен жан бағып отырған мемлекеттер ше­карасын ашқан соң шетелдік саяхат­шы­ларды тартудың түрлі әдістерін, қауіп­сіздікті қамтамасыз ететін түрлі қызмет­терді ұсына бастайтыны анық. Десе де, ше­кара сыртынан індет тасымалдаудан сес­кенетін жұрт әзірге шетел аралауға асыға қой­майтын секілді. Оның үстіне, біраз уа­қыт тұралаған кәсібін аяқтан тік тұрғызып, ортайып қалған қорын толтыру үшін көпке дейін демалыссыз жұмыс істеуге тура кел­мек. Сондықтан сала мамандары әр ел тұр­ғындары жергілікті демалыс орындарын ара­лап, ішкі туризмнің дамуына үлес қоса­ды деп болжап отыр. Жыл сайын демалыс маусымында шекара асатын миллиардтар биыл өз қазынамызға құйылса, ел туриз­мі­нің тірлігі түзеліп, өңірлердің өрісі кеңі-мек.   Мөлдір РЫСАЛИЕВА, Lamoda.kz интернет-дүкенінің бас директоры:

Карантиннен кейін де онлайн-саудаға сұраныс кемімейді

– Елімізде төтенше жағдай ре­жи­мі жарияланған алғашқы күндері ло­гистикалық кедергілер туындап, тапсырыстарды жеткізу мәселесі қиын­дады. Әуе тасымалы тоқтаған соң өңірлерге тауарларды жеткізу уа­қыты кешеуілдеді. Бұрын рес­пуб­лика аумағында тапсырыстарды 3-4 күн ішінде жеткізсек, қазір 10-14 күн күтуге тура келеді. Десе де, ка­ран­тинге және елдегі экономикалық қиын­дықтарға қарамастан, наурыз-сәуір айларында дүкеніміздің қыз­метіне сұраныс 20 пайызға артты. Бұған сауда орталықтары мен ба­зарлардың жаппай жабылуы себеп бол­ғаны белгілі. Карантин енгізілгелі спорттық киім мен аяқ киімге тап­сырыс күрт көбейді. 2020 жылдың ақпан айымен са­лыс­тырғанда наурыз-сәуір айла­рын­да жаңа клиенттеріміздің қа­тары 35 пайызға көбейді. Офлайн-шо­пингті ұнататындар карантин уа­қытында онлайн-сауданың ана­ғұрлым тиімді әрі ыңғайлы екеніне көз жеткізді деп ойлаймын. Сон­дықтан біздің қызметімізге жү­гін­ген­дердің көпшілігі карантиннен кейін де тұрақты тұтынушымыз болып қал­мақ.