Алматыда қоғамдық көліктерге рейд жүргізіледі

Алматыда қоғамдық көліктерге рейд жүргізіледі

Алматыда қоғамдық көліктерге рейд жүргізіледі
ашық дереккөзі
Алматыда полиция мен санэпидемиологтар қоғамдық көлікте коронавирусқа қарсы шаралардың сақталуын қадағалау үшін рейд өткізетін болады. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін СЭС қызметкерлері мен әкімдік өкілдері қоғамдық көліктерді тексере бастайды. Оның барысында автобус жүргізушілері мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, Алматыда қоғамдық көліктің жүру уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды. Жолаушылардың барлығы маска киіп, әлеуметтік қашықтықты ұстауы тиіс.